Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстанда пойыздарда спутниктік интернетті енгізу кеңейіп келеді

19.03.2026
Қазіргі таңда Қазақстанда жолаушылар пойыздарына жоғары жылдамдықты интернетті енгізу жұмыстары жалғасуда. Бұл жоба спутниктік технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылып жатыр. Бастама еліміздегі «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» мен «Digital Наурыз» іс-шараларының аясында қолға алынды, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Бұл қызмет алғаш рет 2025 жылдың қаңтарында Астана – Алматы бағытында пилоттық жоба ретінде іске қосылып, жолаушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие болды. Кейіннен сервистің ауқымы кеңейтіліп, Астана – Өскемен бағыты да қамтылды. Қазіргі уақытта спутниктік интернет аталған екі негізгі бағытта қатынайтын Talgo поездарында қолжетімді. Технологиялық тұрғыдан бұл жүйе «Jusan Mobile» операторының қатысуымен және «OneWeb» төмен орбиталы спутниктік жүйелерінің көмегімен жұмыс істейді.

Спутниктік байланыстың басты ерекшелігі – оның сигнал сапасы теміржол бойындағы жерүсті мұнараларына тәуелді емес. Төмен орбиталы спутниктер пойыз жоғары жылдамдықпен қозғалған кездің өзінде сигналдың кідіріссіз және тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде жолаушылар жол бойы 100 Мбит/с дейінгі жылдамдықтағы интернетті пайдалана алады. Бұл жылдамдық мессенджерлерді қолдануға, видеолар көруге және басқа да цифрлық қызметтерді еш кедергісіз тұтынуға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру халықаралық технологиялық компаниялар мен отандық байланыс операторларының серіктестігі арқасында мүмкін болды. Пойыздарға орнатылған арнайы жабдықтар қозғалыс жағдайында жұмыс істеуге толық бейімделген және вагондардағы қолданыстағы мультимедиялық жүйелермен интеграцияланған.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.