Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕЛІМІЗДЕГІ АЛҒАШҚЫ «ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕЛІМІЗДЕГІ АЛҒАШҚЫ «ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

19.03.2026197 Views
default
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары мен зиялы қауым өкілдері, барлық ауданнан келген делегаттардың қатысуымен еліміздегі алғашқы «Құзыреттілік орталығы» ашылды.
Аймақ басшысы өңірдегі серпінді жобаларға тоқталып, жаңа орталық ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.
«Наурызнама бойынша бүгін – Жаңару күні. Айтулы мерекеде Мемлекет басшымыздың тапсырмасымен салынған техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға арналған сәулетті, жаңа заманауи «Құзыреттілік орталығын» ел игілігіне табыстаудамыз. Қаламызға көрік беретін жаңа, әсем ғимаратымыз құтты болсын! Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қоғамның түрлі саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет. Бұл – экономиканы дамыту және инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін қажетті бастама», – деп атап өтті.
Өткен жылы Президентіміз «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өңірлерде «Құзыреттілік орталығын» салуды тапсырған болатын. Елімізде баламасы жоқ, бірегей орталық республика бойынша алғашқы болып аймағымызда бой көтерді. Орталық бизнес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған ортақ алаң болады.
Жұмысшы мамандықтар мәртебесін көтеріп, қоғамда еңбек адамдарын танымал етуге, дәрежесін көтеруге, ең үздік қоғамдық және өндірістік дәстүрлерді анықтап мәртебелеуге, жастарды кәсіби еңбекке баулуға бағытталған орталық ел игілігіне қызмет ете берсін! Жұмысшы мамандықтарының бағалануы – бұл елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына оң әсер ететін маңызды қадам.
Аймағымызда білім беру саласына 2022-2025 жылдары 1 трлн. 159 млрд. теңге, биыл 302 млрд. 196 млн. теңге қаралды. 2022 жылдан бері 43 жаңа заманауи білім беру нысаны салынып, пайдалануға берілді.
Баршаңызды қаламызға таңғажайып көрік берген, заманауи сәулетімен ерекшеленетін «Құзыреттілік орталығы» ғимаратының салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын», – деді Н.Нәлібаев.
Басқосуда білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан ұстаздар мен жаңа нысанның құрылысын мерзімінде аяқтаған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы – ректоры Наурызбай Байқадамов сөз сөйлеп, тұрғындарға құттықтауын жеткізді.
Айта кетейік, екі қабатты, 1000 орындық жаңа ғимарат кезінде заңсыз сыртқа кеткен активтер есебінен қаржыландырылды.
Орталық студенттерді халықаралық кәсіби шеберлік жарыстарына даярлау, сарапшылық қауымдастықты дамыту, жұмысшы мамандықтарының танымалдығын, жастардың жұмысшы кәсібіне деген қызығушылығын арттыру жөніндегі бірыңғай жаттығу базасына айналады.
Өңірдегі жұмысшы құзыреттіліктері бойынша жастардың кәсіби дағдыларын қалыптастырып, педагогтердің, жас мамандардың озық технологиялармен жұмыс істеуіне, еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып қалыптасуына мол мүмкіндік береді.
Жаңа заманауи ғимарат республикалық, халықаралық, деңгейдегі форумдар, конференциялар, семинарлар мен көрмелер өткізуге де бейімделген.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026856 Views

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026547 Views

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026951 Views
Соңғы жаңалықтар

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026

Тұңғышбай Жаманқұлов бұрын-соңды ел естімеген шындықты айтты

06.05.2026

Алматы әуежайына шұғыл қонған швейцариялық Swiss ұшақтың құпиясы ашылды

06.05.2026

20 млн тонна: Қазақстан әлемдік мыс қоры бойынша 12-орынға шықты

06.05.2026

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

06.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.