Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстанда су тұтыну көлемін ерте болжау жүйесі әзірленіп жатыр

13.03.2026
Жоба аясында Қазақстанның оңтүстігіндегі ирригация инфрақұрылымына қатысты бірыңғай деректер базасы жасалады. Сондай-ақ суармалы жерлердің нақты шекарасы анықталып, ауыл шаруашылығы алқаптарының жағдайын бақылау үшін жерді қашықтан зондтау технологиялары қолданылады, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Жаңа жүйе су пайдалануға қатысты негізгі процестерді цифрландыруды көздейді. Атап айтқанда, су алуға өтініш беру, келісімшарт жасау және су тұтынуды есепке алу сияқты қызметтер электронды форматқа көшіріледі. Сонымен қатар жүйе ғарыштық мониторингтің көмегімен суды заңсыз пайдалану және ауыл шаруашылығы жерлерін рұқсатсыз суару фактілерін анықтауға мүмкіндік береді.

«Бұл жоба су ресурстарын бөлудің ашықтығын арттыруға, суармалы суды пайдалану бақылауын күшейтуге және ауыл шаруашылығында су ресурстарын басқарудың заманауи цифрлық құралдарын енгізуге бағытталған», – деді «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Қайратғали Хайрулла.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.