Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстанның 200 мың педагогі жасанды интеллект ассистенттерін құру үшін ChatGPT Edu жобасына қосылады

11.03.2026
Меморандум аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігі ChatGPT Edu пилоттық жобасын іске қосуға дайындық жүргізуде. 2026 жылы жоба 200 мың педагогті қамтиды. Олар күнделікті жұмыс жүктемесін азайту үшін жасанды интеллект құралдарын қолдануды меңгереді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес білім беру саласына жасанды интеллект енгізу бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта QazTech платформасының базасында Ұлттық білім беру дерекқоры жаңғыртылуда. Ол электрондық күнделіктер үшін бірыңғай қоймаға айналып, білім алушылардың цифрлық профильдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Ұлттық білім беру платформасын құру жоспарланып отыр. Осылайша жекелеген жүйелердің орнына білім беру саласындағы барлық сервистер мен мемлекеттік қызметтер бір платформада біріктіріледі. Нәтижесінде электрондық күнделіктер жүргізуден деректер мен жасанды интеллект негізінде таланттарды басқаруға көшу жүзеге асады.

Пилоттық жобаның негізгі мақсаты әлемдегі озық технологиялардың бірі ChatGPT жүйесін білім беру процесіне енгізу арқылы оқыту сапасын арттыру, педагогтердің жұмыс тиімділігін күшейту және зерттеу әлеуетін дамыту болып табылады. Сонымен қатар жоба жасанды интеллект негізінде академиялық процестерді автоматтандыруды одан әрі дамытуға бағытталған.

Меморандум аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қажеттіліктері үшін ChatGPT Edu бойынша 100 мың лицензия бөлінді. Олар білім беру деңгейлері бойынша бөлінеді. 5 мың лицензия мектепке дейінгі ұйымдарға, 85 мың лицензия орта білім беру ұйымдарына, 10 мың лицензия колледждерге беріледі. Жылдың екінші жартысында бұл лицензиялар қайта бөлініп, тағы 100 мың педагогке ұсынылады. Нәтижесінде 2026 жылы 200 мың педагог жасанды интеллект құралдарын тәжірибе жүзінде қолдану дағдыларын меңгереді.

Жоба аясында әрбір педагог өзіне арналған «ақылды ассистентке» ие болады. ChatGPT Edu бірнеше минут ішінде сабақ жоспарын дайындауға, тапсырмалар мен тесттер құрастыруға, оқу материалдарын әртүрлі деңгейдегі оқушыларға бейімдеуге, сондай-ақ оларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірлеуге мүмкіндік береді. Сабақ барысында бұл құрал педагогке күрделі тақырыптарды қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіруге, өмірлік мысалдар қолдануға, сабақ форматын пікірталасқа, бірлескен жобаға немесе зерттеу жұмысына айналдыруға көмектеседі.

Сонымен қатар ChatGPT Edu бағалау критерийлерін әзірлеуге, оқушылардың жұмыстарын алдын ала талдауға және әрбір білім алушыға жеке кері байланыс дайындауға қолдау көрсетеді. Бұл ретте қорытынды бағаны әрқашан педагогтың өзі қояды. Платформа педагогтердің кәсіби дамуына да мүмкіндік береді. Мұғалімдер заманауи оқыту әдістерін меңгеріп, оқу курстарын жаңартып, әдістемелік материалдар әзірлей алады және жаңа цифрлық әрі жасанды интеллект тәжірибелерін игереді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.