Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

60 мыңнан астам қазақстандық эковолонтерлікке жұмылдырылған

11.03.2026
Бүгінде Қазақстанда экологиялық волонтерлер қатары көбейіп келеді. 2024 жылы эковолонтерлікке 40 мыңнан астам адам қатысса, былтыр олардың саны 60 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Өткен жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Әр қадамда экоcаналық» атты гранттық жобасы басталды. Жобаны «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Green Steppe ұйымы жүзеге асырады. Оның аясында сарапшылардың қатысуымен вебинарлар ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам адам қатысты. Сонымен қатар шамамен 1000 экоактивист арнайы әзірленген білім беру курсынан өтті.

Жыл басынан бері жоба аясындағы іс-шараларға 2000-нан астам волонтер қатысты. Биыл экологиялық волонтерліктің даму деңгейін талдауға бағытталған «Қазақстандағы эковолонтерлік – 2026» атты зерттеу жүргізу жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, эковолонтерлікті дамыту аясында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, «10 жасыл күн» эко-челленджіне 2000-нан астам адам қатысып, 10 экологиялық тапсырма орындады. «Жас ағаш» акциясы аясында 10 мыңнан астам волонтер мен бизнес өкілдері бес ұлттық парк пен қорық аумағында 300 мыңнан астам ағаш екті.

«Эко бақылау» жобасы шеңберінде 50-ден астам мониторингтік рейд ұйымдастырылды. Халықаралық World Cleanup Day акциясы барысында 4000-нан астам қатысушы 22 локацияда тазалық жұмыстарын жүргізді. «Таза Каспий – Clean Caspian» экологиялық бастамасына Қазақстан мен Әзербайжаннан 2000-нан астам волонтер қатысты. Олар үш жағалау аумағын тазартып, 3 тоннадан астам қоқыс жинады.

Бұл көрсеткіштер қоғамда экологиялық жауапкершілікке деген қызығушылықтың артқанын және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге деген ұмтылысты айқын көрсетеді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.