Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

«Татулыққа тағзым, адамзатқа алғыс» атты мерекелік шара өтті

10.03.2026

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі ғимаратында «Татулыққа тағзым, адамзатқа алғыс» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Тағылымды басқосу ел бірлігі мен қоғамдық келісім құндылықтарын дәріптеуге арналды.

Мерекелік жиында Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Айдын Қайруллаев сөз сөйлеп, Алғыс айту күні – қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметі мен ризашылығын айқындайтын маңызды мереке екенін атап өтті. Ол бұл күннің татулық пен тұрақтылықты нығайтудағы орны ерекше екенін айтып, барша тұрғындарды ынтымақ пен өзара сыйластықты сақтауға шақырды. Шараға «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов, облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары, орталықтың шығармашылық ұжымдары және Ассамблея жастары қатысты. Жиын барысында түрлі этнос өкілдері қазақ жеріне деген алғыстарын білдіріп, елдегі бейбітшілік пен келісімнің қадір-қасиетін ерекше атап өтті. Салтанатты кеш аясында бірқатар азаматтар марапатталып, қоғам өміріне белсенді араласып жүрген жандарға құрмет көрсетілді. Мерекелік бағдарлама концерттік нөмірлермен жалғасты. Орталықтың шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздары патриоттық және халықтық әндерді орындап, ұлттық билерді сахналады. Әрбір өнер көрсетілімінде елге деген сүйіспеншілік пен ризашылық сезімі айқын аңғарылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.