Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНДА РОМАНС КЕШІ ӨТТІ

03.03.2026
Өнер орталығының фойесінде Қызылорда облыстық филармониясы академиялық орындаушыларының қатысуымен романс кеші өтті. Сезім мен сырға толы бұл музыкалық кеш көрермендерді лирика мен әуездің ерекше әлеміне жетелеп, жан дүниені тербеген мәдени шараға айналды.
Кеш бағдарламасында қазақ және әлем классикасының таңдаулы романстары орындалып, көрермендер жоғары эстетикалық талғам мен таңдаулы музыкаларды тыңдауға мүмкіндік алды.
Сыр сен сазға толы кеште «Құрмет» орденінің иегері Самал Байсейтова, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Мақсат Мақұлбеков, «Тұран» сыйлығының иегері Сымбат Тасбергенова, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Мағжан Аманжолов, Ақылбек Табынбаев, Біржан Серік, Аружан Төреғали, Назерке Омар, Мирас Жантөре, Жаннұр Аманбай өнер көрсетті. Ерекше форматпен ерекшеленген шараны концертмейстерлер Айнаш Рысдаулетова мен Ольга Хегай сүйемелдесе, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Асель Сейтжанова (скрипка) тыңдарманды тамаша өнерімен таңғалдырды.
Романстар кеші талғамы биік көрерменге академиялық орындаушылық мәдениеттің биік деңгейін танытып, ұлттық және әлемдік музыкалық мұраны тоғыстырған тағылымды кеш сыйлады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.