Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Балалар саясаты 2030 жылға дейін жүйелі түрде жаңғыртылады
Жаңалықтар

Балалар саясаты 2030 жылға дейін жүйелі түрде жаңғыртылады

27.02.2026197 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды выдемствоның баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен алғаш рет 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленді. Құжат балалық шақ мәселелеріне бірыңғай көзқарас қалыптастырып, қолданыстағы шаралар мен бағдарламаларды тұтас жүйеге біріктіреді.

«Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – әрбір баланың білім алу, денсаулығын сақтау, әлеуметтік қорғалу және отбасында тәрбиелену құқықтарын қамтамасыз ететін жүйелі әрі үйлестірілген тәсілді қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін құжат балалардың қауіпсіздігін күшейтуге, психологиялық және әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіруді нығайтуға бағытталған. Қазақстан балалардың құқықтарын қорғауға арналған мақсатты ұлттық стратегиясы бар санаулы мемлекеттердің бірі», — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Бүгінде елімізде 6 902 492 бала тұрады, бұл халық санының үштен бірін құрайды. Соңғы 10 жылда балалар саны шамамен 1,5 миллионға артты. Бұл инфрақұрылым мен қолдау жүйесін одан әрі нығайтуды талап етеді.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік принципін енгізуге бағытталған 10 заң қабылданды. 2025 жылы заңнамаға балалардың құқықтарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті бекітетін қосымша өзгерістер енгізілді. 237 мыңнан астам бала психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдаумен қамтылған, оның ішінде шамамен 17 мың бала үйде білім алады. Білім беру ұйымдарында 3,8 мың педагог-ассистент және 10 мыңнан астам арнайы педагог жұмыс істейді.

Балалардың тамақтануы мен санитариялық қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. Мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты енгізіліп, өнім сапасы мен санитариялық талаптардың сақталуына бақылау күшейтілді. Мектепке дейінгі білім беру саласында «Ақша балаға беріледі» қағидаты бойынша ваучерлік қаржыландыру енгізілді. Бұл тетік кезекті екі есеге қысқартуға және 21 млрд теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Елімізде 11 900 балабақша жұмыс істейді, онда шамамен 1 миллион бала тәрбиеленуде, ал мектепке дейінгі сыныптарда 163 мыңнан астам бала білім алуда.

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру балалар саясатын жүйелі дамытуға және әрбір бала үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

27.02.2026381 Views

184 мың адам наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді

27.02.2026117 Views

«Ауыл Аманаты»: Ақтөбе облысында 2026 жылы 4,7 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр

27.02.2026326 Views
Соңғы жаңалықтар

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

27.02.2026

184 мың адам наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді

27.02.2026

«Ауыл Аманаты»: Ақтөбе облысында 2026 жылы 4,7 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр

27.02.2026

Балалар саясаты 2030 жылға дейін жүйелі түрде жаңғыртылады

27.02.2026

Қазақстан педагогтердің еңбек жағдайы бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында

27.02.2026

Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

27.02.2026

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичтің бірлескен мәлімдемесі

27.02.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.