Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

28.02.2026
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев бір ауысымда 100 келушіні қабылдайтын емханасы бар 300 төсектік көпбейінді аурухананың (онкологиялық бөлімшесімен) құрылыс алаңына барып, жұмыс барысымен танысты.
Облыс тұрғындары үшін аса маңызды әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынуда. Аурухана заманауи техникалық шешімдерді ескеріп жобаланған, ең озық технологиямен қамтамасыз етіледі. Диагностика және емдеу бойынша заманауи стандарттарға сай келетін жоғары технологиялық инновациялар енгізіледі, бұл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырады. Осылайша Қызылордада шетелдік клиникалардан еш кем түспейтін заманауи медициналық кешен пайда болады.
«Мелиоратор» серіктестігі қолға алған жобаға 36 млрд 416 млн теңге қаржы қаралған. Бұл – аймақтағы халықаралық стандарттарға сай, ең ауқымды жобалардың бірі. Аумағы 57 мың шаршы метр, 7 гектар жерге орналасқан. Нысан 10 блоктан тұрады: емхана, пансионат, конференц-зал, асхана, физиотерапия, қабылдау бөлімі, әкімшілік, реанимация, химиотерапия және радиотерапия, операциялық бөлім.
Құрылысы екі жыл бұрын басталған ғимаратты салу барысында осы уақытқа дейін 21 млрд. теңге қаражат игеріліп, жұмыстың 70 пайызы еңсерілді. Қалған 16 млрд. теңге осы жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген. Қазіргі таңда бетон жұмыстары толық біткен, ал кірпіш қалау аяқталып қалды.
Жақын арада құрылысшылар терезесін салып, қасбетін бастайды. Сонымен қатар, жылу құбырлары орнатылып, қажетті тораптарға қосылуда. Электр желісі тартылып, тарату нүктелері дайындалды. Құрылыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Жоспар бойынша күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, жыл соңына дейін құрал-жабдықтарын орнатып, пайдалануға береді.
Бүгінде құрылыс басында 200-ге жуық адам, 15 техника бар. Газоблог, инженерлік жүйелерге қажетті материалдар жеткілікті.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 12 облыста заманауи перинаталдық орталықтар салу көзделген. Бүгін Қызылорда қаласында халықаралық тәжірибе мен озық медициналық технологиялар енгізілетін 200 төсектік перинаталдық орталықтың іргетасы қаланды. Нысанға 2,7 гектар жер телімі бөлініп, 48,8 млрд теңге қаражат қаралған.

default

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.