Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстандағы ең ірі IT-хакатон 27 наурызда басталады

26.02.2026
2026 жылғы 27 наурыз және 5 сәуір аралығында еліміздегі ең ірі мультилокациялық хакатон — Decentrathon 5.0 — бір мезгілде 20 қалада өтеді. Аталған шара барлық өңірдегі технологиялық қоғамдастықты біріктіреді, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Хакатон 2026 жылғы 27 наурызда Шымкентте өтетін Digital Qazaqstan бірінші ұлттық технологиялық форумы шеңберінде ұйымдастырылған және сол жерде Decentrathon жобасының ашылуы өтеді. Осы маусымда Decentrathon 5.0 Шымкент, Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Өскемен, Қонаев, Талдықорған, Тараз, Түркістан және Орал қалаларын қамтиды. 3000-нан астам әзірлеуші мен 1500 команда қатысады деп күтіліп отыр, олар AI және Blockchain сынды екі негізгі бағытта шешімдер әзірлейді.

«Decentrathon – еліміздегі ең ауқымды IT-алаңдардың бірі. Бірнеше жыл бойы ол Қазақстанның барлық өңірінен әзірлеушілерді біріктіріп, технологиялық қауымдастықты қалыптастырып келеді. Мұндай формат адами капиталды шоғырландырып, жасанды интеллект саласындағы сараптаманы күшейтуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында белгілеген басымдықтарға сәйкес, отандық цифрлық шешімдерді дамыту мен насихаттауға кәсіби қоғамдастықты тартудың маңызы зор. Әлемде краудсорсинг тәсілдеріне деген тренд күшейіп келеді, сондықтан бұл үрдістің ұлттық тәжірибемізге енгені маңызды. Бұл технологиялық өнімдердің сапасы мен сұранысына қосымша серпін береді», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Хакатон жаңа форматта өтеді. 27 наурызда Шымкентте салтанатты ашылу рәсімі басталады. Бұдан әрі командалар онлайн-форматта жұмысын жалғастырады. Келесі 9 күннің ішінде қатысушылар жобалар әзірлейді, қолдау алады және шешімдерді соңғы презентацияға дейін жеткізеді.

Аталған іс-шара Қазақстандағы Цифрландыру мен жасанды интеллект жылы аясында өткізіледі әрі отандық цифрлық технологияларды дамытуға және жаңа буын IT-мамандарын қалыптастыруға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.