Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Туризм саласындағы кәсіпкерлерге қомақты қаржылай қолдау көрсетіліп жатыр
Жаңалықтар

Туризм саласындағы кәсіпкерлерге қомақты қаржылай қолдау көрсетіліп жатыр

26.02.202693 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Еліміздегі туризм саласындағы кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары көзделген. Мысалы, инвестициялық келісімшарт немесе инвестициялық келісім шеңберінде инвестициялық преференциялар беріледі. Соның ішінде мүлік салығы, жер салығы, корпоративтік табыс салығынан босату сынды жеңілдіктер бар. ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осы қолдау шаралары жайлы толық ақпарат берді.

«2025 жылы мақұлданған қолдау шараларының көлемі 2,7 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 10%-ға артық. Туробъектілерді салу кезінде шығындардың 10% өтеу көзделген. Өткен жылы 15 млрд теңге инвестиция салынса, 1,5 млрд теңгенің шығындарын өтеу бойынша қолдау шаралары мақұлданған. Жол бойындағы сервис объектілері бойынша 3,6 млрд теңгеге жоба жүргізіліп, өтеу 366 млн теңгені құрады», – деді спикер.

Бұдан бөлек, «Бәйтерек» холдингінің желісі бойынша кепілдік беру, субсидиялау және жеңілдетілген қаражат бөлу сынды қосымша қолдау көрсетіледі. 2025 жылы кепілдік беру құралы шеңберінде 137 жоба, субсидиялау шеңберінде 111 жаңа жоба, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген қаржыландыру құралы аясында 201 жоба жүзеге асты.

Туризм саласының инвестициялық әлеуетін одан әрі арттыру бағытындағы негізгі құжат – Туризмді дамыту тұжырымдамасы. Қазір оған қатысты ұсыныстар жиналып, жаңартылған іс-қимыл жоспарының жобасы дайындалды. Құжат 6 негізгі бағыт бойынша 129 іс-шараны қамтиды. Іс-шаралардың көбі инженерлік-коммуникациялық және көліктік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Осы блок шеңберінде Алакөл, Балқаш, Бурабай, Қапшағай, Катонқарағай, Кендірлі және Имантау-Шалқар сияқты негізгі курорттық аймақтарда 66 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған.

Аталған курорттық аймақтарда 600 млрд теңгеден астам сомаға 136 инвестициялық жобаны іске асырылмақ. Осылайша, бюджеттен қарастырылған әрбір теңге тағы 3 теңге жеке инвестицияны қамтамасыз етеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026539 Views

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026237 Views

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026629 Views
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026

48 млн шаршы метрден астам аумақ кенелерге қарсы өңделді

30.06.2026

Соңғы жарты жылда қоғамдық тамақтану орындарында 600-ден астам тексеру жүргізілді

30.06.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйледі

30.06.2026

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

30.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.