Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстанда тұңғыш агротехнопарк құрылды

19.02.2026
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде еліміздегі бірінші агротехнопарк құрылды. Оның басты мақсаты — бизнес-инкубация, инновациялық компанияларды қолдау және АӨК саласындағы жоғары технологиялық жобаларды дамыту үшін заманауи орта құру, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Орталық агротехнологияларды сынақтан өткізуге және көрсетуге, жобаларды ғылыми-зерттеу кезеңінен нарыққа дейін сүйемелдеуге, бизнес үшін технологиялық тәуекелдерді азайтуға және инновацияларды лабораториядан өндіріске тезірек жеткізуге арналған.

Тағы бір маңызды бағыт — халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты дамыту.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров орталықтың инфрақұрылымы, лабораториялық базасы және өндірістік-инженерлік мүмкіндіктерімен танысты. Агротехнопарктің жалпы ауданы шамамен 1000 шаршы метрді құрайды. Оның құрылымында тәжірибелік және пилоттық жұмыстарға арналған металл өңдеу цехы бар өндірістік-инженерлік блок, резиденттерге арналған кеңсе кеңістігі, сондай-ақ толық циклді лабораториялық кешен қарастырылған.

Сондай-ақ, құрамына ауыл шаруашылығы дақылдарын молекулалық-генетикалық зерттеу, агробиотехнология және микробиология зертханалары, физика-химиялық талдау, сынама дайындау және аналитикалық зерттеуге арналған Қазақстан-Австралия инновациялық орталығы кіреді.

Министр агротехнопарк аграрлық ғылымды жаңғырту және ғылыми зерттеулерді тиімді нарыққа шығару жүйесін құрудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда ғылыми шешімдердің лаборатория қабырғасында қалмай, ауыл шаруашылығы өндірушісіне жетуі және нақты экономикалық нәтиже беруі өте маңызды. Агротехнопарк ғалымдар мен агробизнес өкілдерін байланыстыратын көпір болуға тиіс», — деді министр.

Университет ректоры Қанат Тілеуов өз сөзінде агротехнопарк АӨК саласында технологиялық кәсіпкерліктің жаңа мәдениетін қалыптастыру, жаңа буын мамандарын дайындау және ғылыми зерттеулерге инвестиция тарту үшін жағдай жасайтынын айтты.

«Орталық жас ғалымдар, стартап-командалар және бәсекеге қабілетті отандық технологияларды жасау мен енгізуге қызығушылық танытқан индустриалды серіктестер үшін ынтымақтастың алаңына айналады», — деді ректор.

Агротехнопарктің қызметі ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын, заманауи биопрепараттар мен инженерлік шешімдерді нарыққа жылдам шығару, агроөндірістің өнімділігі мен тұрақтылығын арттыру, сондай-ақ отандық АӨК экспорттық әлеуетін нығайту үшін маңызды рөл атқармақ.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.