Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Жамбыл облысының аграрлық саласы егіс науқанына дайындық жүргізіп жатыр

19.02.2026
Жамбыл облысында 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына белсенді дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әсіресе, егіс құрылымын түзету және суару инфрақұрылымын жаңғыртуға баса көңіл бөлінген, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Биыл жалпы егіс алқабы 623,3 мың гектарды құрайды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 16,7 мың гектарға аз. Құрылымды түзету стратегиялық сипатқа ие және өндірісті әртараптандыруға, сондай-ақ ылғал көп қажет ететін дақылдардың үлесін қысқартуға бағытталған.

Атап айтқанда, бидайға – 145,1 мың гектар, арпаға – 187,8 мың гектар, жүгеріге – 23,3 мың гектар бөлінген. Майлы дақылдар – 40 мың гектар, мал азығына арналған дақылдар – 185 мың гектарды құрап отыр. Осылайша, өңір тұрақты әрі ресурсты үнемдейтін ауыл шаруашылығы моделіне басымдық беріп отыр.

Егіс құрылымын өзгерту Ислам даму банкінің қаржыландыруымен облыстағы 76 каналға жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты. Жаңартылатын гидроқұрылымдардың жалпы ұзындығы 430 шақырымнан асады, суаратын жер алқабы – 51,4 мың гектар, Байзақ, Мерке, Сарысу, Талас және Шу аудандарын қамтиды. Жұмыс толық аяқталғанда өңір сенімді әрі тиімді су қамтамасыз ету жүйесіне ие болады, бұл аграрлық өндірістің әрі қарай дамуы үшін мағызды екені сөзсіз.

Өткен жылғы күзгі науқан ұйымдасқан түрде және агротехникалық талаптарға сәйкес жүргізілді: 200,3 мың гектар жерде жаздық дәнге дайындық жұмыстары жасалды, 145,1 мың гектарға қыстық дақылдар егілді. 2026 жылғы көктемде 325 мың гектарға жаздық дақылдар себілмек. Қажетті тұқымның 93%-ы, яғни 58 мың тонна дайындалған, бұл шаруашылықтар дайындығының жоғары екенін көрсетеді.

Егіс науқанына 10,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы тартылмақ. Сонымен қатар, машина-трактор паркін жүйелі жаңарту жұмыстары жалғасуда: 2026 жылы өздігінен жүретін техниканы жаңарту деңгейі 8%-ға жеткізілмек, бұл 476 жаңа техника деен сөз. Бұл еңбек өнімділігін арттыруға және егіс жұмыстарын жүргізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, 478,2 мың гектар жерге 109,7 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2024 жылы 99,7 мың тонна енгізілген. Тыңайтқыш көлемін ұлғайту әр гектардан түсімді арттыруға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

Аграрлық салаға қаржылық қолдау «Кең дала-2» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Шаруашылықтардан 4,6 млрд теңге көлемінде өтініш түскен, қазірдің өзінде оның 2,5 млрд теңгесі жеңілдетілген шарттармен берілді. Бұл ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне тұқым, тыңайтқыш және жанар-жағармай материалдарын уақытылы сатып алуға жол ашады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.