Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Энергетика министрлігі интеллектуалды технологиялар енгізу үшін энергонысандарға бағалау жүргізді

19.02.2026
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде технологиялық процестерді басқару жүйелерін кезең-кезеңімен жаңғырту және зияткерлік технологияларды енгізу мақсатында энергетика нысандарындағы олардың ағымдағы жай-күйіне бағалау жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Жұмыс барысында қолданыстағы басқару жүйелерінің цифрлық жетілу деңгейі талданды, технологиялық және ақпараттық тәуекелдер анықталды, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, оларды одан әрі дамыту бағыттары айқындалды.

Технологиялық параметрлерді зияткерлік мониторингілеу, жабдықтардың істен шығуын болжау, жұмыс режимдерін оңтайландыру және энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін жасанды интеллектті (ЖИ) пайдалану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Диспетчерлік басқару және кибертұрақтылықты қамтамасыз ету жүйелерінде үлкен деректер талдамасы мен машиналық оқыту алгоритмдерін қолдану тәсілдері қаралды.

Алынған нәтижелер басқару жүйелерін жаңғыртудың бірыңғай техникалық талаптарын әзірлеуге және Қазақстан Республикасының энергетика кешенінде зияткерлік шешімдерді ауқымдандыруға негіз болады.

Аталған іс-шараларды іске асыру апаттық жағдайларды азайтуға, энергия нысандарын пайдалану тиімділігін арттыруға және саланың заманауи цифрлық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.