Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

2026 жылы Қазақстанда қандай энергия нысандары іске қосылады

17.02.2026
Биыл Қазақстанда дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерінен 2,64 ГВт қуатты пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл жобаларды іске асыру 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай елдегі энергия тапшылығы мәселесін толық шешуге, ал 2029 жылға қарай электр энергиясының тұрақты профицитіне шығуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында өткен жылы 3,7 млрд киловатт-сағат энергия импортталғанын атап өтіп, жаңа қуаттарды іске қосу жұмысын күшейтуді тапсырды. Биыл 4 бу-газ қондырғысы (БГҚ), 2 жел электр станциясы, 4 күн электр станциясы іске қосылады және екі электр станциясын кеңейту жоспарлануда. Аталған энергия нысандары жылына шамамен 16 млрд киловатт-сағат энергия өндіреді.

Энергия қауіпсіздігін нығайтуға қуаты 2,4 ГВт болатын ірі бу-газ қондырғылары (БГҚ) негізгі үлес қосады. Биыл оңтүстік өңірлерді электр қуатымен және жылумен қамтамасыз ететін 4 бу-газ қондырғысы пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, Қызылорда облысында қуаты 240 МВт болатын БГҚ іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, ал Түркістан облысында қуаты 1 ГВт болатын қуатты БГҚ құрылысы жалғасуда.

Ауқымды жаңғырту жұмыстары елдің ең ірі мегаполисін де қамтыды: Алматы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 алаңдарында жиынтық қуаты 1,1 ГВт болатын заманауи бу-газ қондырғылары салынып жатыр, бұл қаланы сенімді әрі экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, «Текелі энергия кешені» (17 МВт) нысандарында және Атырау ЖЭО-да өңірлік генерацияны нүктелі нығайту жұмыстары жүргізілуде, онда жалпы қуаты 60 МВт болатын жаңа турбоагрегат пен қазандық іске қосылады.

Энергия теңгерімін «жасыл» технологиялар есебінен әртараптандыруға ерекше көңіл бөлінуде. 2026 жылы жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) пулы қуаты 245 мегаватт болатын бірқатар маңызды нысандармен толығады.

Қостанай облысында 2 жел электр станциясы іске қосылады: 50 мегаваттық «Aspan Energo» және 100 мегаваттық «Гиперборея». Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай және Жетісу облыстарында жиынтық қуаты 92 мегаватт болатын 4 күн электр станциясын іске қосу күтілуде. Сонымен қатар, Түркістан облысында «ТАУЭНЕРГО» компаниясының шағын ГЭС-і жұмысын бастайды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.