Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымал көлемін 60 млн тоннаға дейін арттырады
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымал көлемін 60 млн тоннаға дейін арттырады

17.02.2026288 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
ҚР Президентінің еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру және транзиттік тасымал көлемін 55 млн тоннаға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында көлік министрі Өзбекстан Республикасының көлік министрімен теміржол тасымалы саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол қатынасының стратегиялық маңыздылығын, оның сауда-экономикалық байланыстарды, халықаралық транзитті және аймақтық көлік интеграциясын дамытудағы негізгі рөлін, сондай-ақ тасымал көлемін ұлғайтуға және логистикалық бағыттардың тиімділігін арттыруға үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті.

2025 жылғы нәтижелер бойынша екі ел арасындағы теміржол тасымалы көлемі 32,3 млн тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 16%-ға артты.

Тасымал көлемін тұрақты арттыру және келісілген өткізу қабілеті параметрлеріне қол жеткізу мақсатында тараптар Сарыағаш, Оазис және Сырдария түйіспелерінде инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде Дарбаза – Мақтарал учаскесін қамтитын негізгі жобаларды аяқтау көзделген Бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Анықтама:
Сарыағаш түйіспесінен қазіргі уақытта тәулігіне 36 жұп пойыз өтуде (жоспар – 40-қа дейін), Оазис арқылы – 2 жұп пойыз (жоспар – 10-ға дейін), Сырдария арқылы – Дарбаза – Мақтарал учаскесі іске қосылғаннан кейін тәулігіне 10 жұп пойыз.

Кеңес барысында инфрақұрылымдық және жөндеу жұмыстарын үйлестіру, бақылау рәсімдерін жетілдіру, технологиялық өзара іс-қимылды оңтайландыру және тасымал процесінің жалпы тиімділігін арттыру мәселелері де қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты әрі қарай кеңейтуге және тасымал көлемін кезең-кезеңімен арттыруға өзара мүдделілігін растады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026856 Views

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026547 Views

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026951 Views
Соңғы жаңалықтар

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026

Тұңғышбай Жаманқұлов бұрын-соңды ел естімеген шындықты айтты

06.05.2026

Алматы әуежайына шұғыл қонған швейцариялық Swiss ұшақтың құпиясы ашылды

06.05.2026

20 млн тонна: Қазақстан әлемдік мыс қоры бойынша 12-орынға шықты

06.05.2026

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

06.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.