Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»60 мыңнан астам жас инспектор жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар

60 мыңнан астам жас инспектор жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде

17.02.2026109 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстанда балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Былтыр жол-көлік оқиғалары салдарынан 285 бала қаза тапты. Бұл – жол беруге болмайтын ауыр шығын. Зардап шеккен кәмелетке толмағандардың жартысынан көбі көлік жолаушылары болған. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, көп жағдайда зардап шеккен балаларды ересектер тасымалдау ережелерін бұзған: балаларды арнайы ұстап тұру құрылғыларынсыз және қауіпсіздік белдігін тақпай алып жүрген.

«Жол қозғалысы қауіпсіздігі жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де байланысты. Қауіп екі тарап үшін де бар. Жол-көлік оқиғалары себептерінің бірі – жолды белгіленбеген жерден немесе бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту. Балалар кейде жол жағдайын тиісті деңгейде бағаламайды, жолдан өтер алдында қауіпсіздікке көз жеткізу қажеттігін ұмытып кетеді. Себебі бұрылыстан немесе жол жиегінде тұрған көліктің арасынан кенеттен автокөлік шығып қалуы мүмкін. Қараңғы уақытта жүргізушілерге жаяу жүргіншілерді көру қиындай түседі, әсіресе олардың киімінде жарық қайтаратын элементтер болмаса. Осыған байланысты балаларға жолдан өтпес бұрын жүргізушімен көзбен байланыс орнатудың маңызын түсіндіру қажет», – деді ол.

Сондай-ақ Ғалым Сарғұлов жас жол қозғалысы инспекторларының рөлін атап өтті. Олар еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейді. Бүгінде республика бойынша 60 мыңнан астам оқушы мектептерде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар мектептерде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған «САҚШЫ» жасақтары құрылған.

«Өкінішке қарай, кейде ересектердің немқұрайлығы балалардың тек жолда ғана емес, құқық бұзушылардың әрекетінен де зардап шегуіне себеп болып жатады. Сондықтан қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және профилактика мәселесіне ата-аналарды, балабақша тәрбиешілерін және мектеп мұғалімдерін кеңінен тарту маңызды. Балалар қауіпсіздік туралы неғұрлым көп ақпарат алса, біз оларды соғұрлым сенімді қорғай аламыз. Қалай дұрыс әрекет ету керектігі, кімге сенуге болатыны, қайда жүгіну қажеттігі туралы әрбір сөз бала үшін пайдалы. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыра аламыз», – деп түйіндеді спикер.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.202621 872 Views

Қызылордада интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілуде

13.08.2026107 Views

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР КҮНІ OPEN AIR КОНЦЕРТІМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13.08.2026228 Views
Соңғы жаңалықтар

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026

Қызылордада интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілуде

13.08.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР КҮНІ OPEN AIR КОНЦЕРТІМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13.08.2026

АРАЛ АСПАНЫНДА ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫНДЫ ҮНІ

13.08.2026

Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр

11.08.2026

Қазақстанда NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7%-ға төмендеді

11.08.2026

Еліміздің жастары Президент бастамаларын жүзеге асыруға белсенді қатысуда

11.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.