Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда жылына 10 мың тонна қуаттылықтағы тағамдық желатин өндіру зауыты салынады
Жаңалықтар

Қазақстанда жылына 10 мың тонна қуаттылықтағы тағамдық желатин өндіру зауыты салынады

17.02.2026185 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Жоба Алматы облысында тағамдық желатин өндіретін және мал шаруашылығының жанама өнімдерін – тері, сүйек және басқа да коллаген құрамды шикізатты терең өңдейтін зауыт салуды көздейді. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына шамамен 10 мың тонна тағамдық желатинді құрайды, деп хаабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Негізгі өнімнен бөлек, коллаген компоненттерін, жемдік ақуыздар мен техникалық майларды өндіру жоспарлануда. Инвестициялардың жалпы көлемі 58 млрд теңге көлемінде бағаланады.

Қазіргі уақытта ішкі нарықтағы тағамдық желатинге деген сұраныс толықтай импорт есебінен қамтамасыз етіледі, бұл ретте елімізде жеткілікті шикізат базасы бар. Қазақстанда мал шаруашылығының жанама өнімдерінің айтарлықтай көлемі қалыптасады, оларды тиімді өңдеу жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге мүмкіндік береді. Отандық өндірісті іске қосу импортқа тәуелділікті төмендетуге, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу деңгейін арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Жоба агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың стратегиялық басымдықтарына сәйкес келеді және экспортқа бағдарланған өндірісті, оның ішінде Halal өнімдерін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ Министрлік қолданыстағы мемлекеттік қолдау құралдары аясында жан-жақты қолдау көрсетеді.

Өңірлерде ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен сүйектерін қабылдау үшін дайындау ұйымдарының желісін құру мәселесіне де ерекше назарда.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.202621 872 Views

Қызылордада интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілуде

13.08.2026107 Views

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР КҮНІ OPEN AIR КОНЦЕРТІМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13.08.2026228 Views
Соңғы жаңалықтар

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026

Қызылордада интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілуде

13.08.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР КҮНІ OPEN AIR КОНЦЕРТІМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13.08.2026

АРАЛ АСПАНЫНДА ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫНДЫ ҮНІ

13.08.2026

Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр

11.08.2026

Қазақстанда NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7%-ға төмендеді

11.08.2026

Еліміздің жастары Президент бастамаларын жүзеге асыруға белсенді қатысуда

11.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.