Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында энергоауысым мәселелері талқыланады
Жаңалықтар

Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында энергоауысым мәселелері талқыланады

16.02.2026173 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында алғаш рет Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Іс-шараның негізгі алаңдарының бірі, ҚР Энергетика министрлігінің ұйымдастыруымен Орталық Азиядағы әділ энергетикалық көшуге арналған панельдік сессия болмақ, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Энергетикалық көшу мәселелері көптеген елдер үшін өзекті болып қала береді. Жыл сайын әлемдік энергия тұтыну көлемі артып келеді, бұл энергияның барлық көздерін — мұнай, газ, көмір, атом, күн және жел генерациясын – сақтау мен дамытудың қажеттілігін білдіреді.

Басты міндет – энергия көздерін жоққа шығару емес, олардың әрқайсысын неғұрлым таза әрі тиімді ету. Бірқатар елдердің энергетикалық саясаты шамадан тыс жарыс кезеңінен кейін қайтадан теңгерімді және прагматикалық тәсілге басымдық беруде. Әсіресе ұлттық ерекшеліктер мен әр мемлекеттің энергетикалық көшу қарқынын ескеру маңызды.

Энергожүйелерді оңтайландыруда, желілердің сенімділігін арттыруда және шығарындыларды қысқартуда цифрландыру мен жасанды интеллекттің рөлін ерекше атап өткен жөн.

Қазақстан энергетикалық көшу бойынша эволюциялық жолды ұстануда. Көмірсутектер экономикада маңызды рөлін сақтайды, сонымен қатар көміртекті ұстау технологияларын қоса алғанда, таза технологиялар енгізілуде. Елде жаңартылатын энергетика қарқынды дамып келеді.

Өңірлік экологиялық саммит (RES 2026) – Орталық Азия елдері мен басқа мемлекеттерді климаттың өзгеруі, су ресурстарының тозуы, табиғи ресурстарды тұрақты басқару және басқа да өзекті экологиялық мәселелерді шешу үшін біріктіруге бағытталған халықаралық іс-шара. RES 2026 2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Астана қаласында (Қазақстан) өтеді. Саммитке мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, бизнес және ғылым өкілдерінен тұратын 1500 делегаттың қатысуы күтілуде.

RES 2026-ны БҰҰ-мен әріптестік аясында өткізу бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында жариялаған болатын.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанды әлемге танытқан кадрлар: тревел-блогер Дастан Мұхамедрахыммен сұхбат

25.06.2026553 Views

Президент гранты мен сыйлығын алған журналистер белгілі болды

25.06.2026196 Views

Облыстарда жұмыс істейтін 66 журналистке баспана беріледі

25.06.2026251 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанды әлемге танытқан кадрлар: тревел-блогер Дастан Мұхамедрахыммен сұхбат

25.06.2026

Президент гранты мен сыйлығын алған журналистер белгілі болды

25.06.2026

Облыстарда жұмыс істейтін 66 журналистке баспана беріледі

25.06.2026

Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ

25.06.2026

Тоқаев журналистерді төл мерекесімен құттықтады

25.06.2026

«Горбачев Назарбаевты қабылдағысы келмеген»: Шыңғыс Айтматовтың ұлы тың дерек айтты

24.06.2026

Алматы облысында әйелі мен ұлы полицейді өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген

24.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.