Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазір ЖЭО-ларда 4,5 млн тоннадан астам көмір қоры бар

16.02.2026
Ағымдағы күзгі-қысқы кезең тұрақты өтуде. Тұтынушылар электр және жылу энергиясымен толық көлемде қамтамасыз етілген. Электр станциялары Жүйелік оператор бекіткен режимге сәйкес жұмыс істеуде. Биыл қажетті жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізілді. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Оның айтуынша, жақында алдағы жылыту маусымына дайындық кестесі бекітілді. Соған сәйкес тиісті жөндеу жұмыстары басталып кетті. 2026 жылы 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбина күрделі жөндеуден өтеді. Степногорск, Жезқазған қалаларындағы жалпы резервтік мүмкіндігі бар жылу орталықтарында жөндеу жұмыстары басталды.

Сондай-ақ вице-министр отынмен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып өтті.

«Бүгінде барлық ЖЭО-дағы қазандықтарда 4,5 млн тоннадан астам көмір қоры бар. Желтоқсан айында ол 5 млн тоннадан да артық болған. Әр ЖЭО-да нормативке сәйкес 10-20 тәуліктік көмір қоры бар. Әлеуметтік мазутпен де толық қамтамасыз етілген. Сондықтан бұл жағынан станциялаларда ешқандай проблема жоқ. Қазір көмір мәселесі Энергетика министрілігіне жүктелген. Әріптестерімізбен коммуналдық сала мен көмірмен қамтамасыз ету көлемін бақылаудамыз», – деді спикер.

Айта кетерлігі, жылыту маусымынан басталғаннан бері барлығы өңірлерге 7,5 млн тонна көмір жеткізілді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.