Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»СЫР ТӨРІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ: АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

СЫР ТӨРІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ: АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

14.02.2026649 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Киелі Қызылорда өңірінде ауылдық білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруді көздейтін «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі» атты республикалық семинар-тренинг өтті. Қызылжарма ауылдық округіндегі «Келешек» мектебінде жалауы желбіреген бұл жоба Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, «Ауыл» партиясының және Қызылорда облысы әкімдігінің бірлескен бастамасымен жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында «Адал азамат» тұжырымдамасын негізге ала отырып, әділетті қоғамның негізін интеллектуалды әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ қалайтынын баса атап өтті.
Іс-шараның ашылу салтанатында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абизов Мінуарбекұлы ауыл мұғалімдерінің стратегиялық маңызына тоқталды:
«Ауылдағы мұғалім — мемлекетіміздің ертеңгі келбетін қалыптастыратын басты тұлға. Бүгінгі басқосу ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігін шыңдап, ауыл мен қала мектептері арасындағы білім алшақтығын жоюға үлкен септігін тигізбек. Өңір басшылығы білім саласындағы мұндай оң өзгерістерге әрқашан қолдау көрсетеді», -деп атап өтті.

Жиын барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Айгерім Сарсенбаева отбасы құндылықтары мен ауыл баласының қауіпсіздігіне тоқталды:
«Біз үшін әрбір баланың тағдыры — ұлттың болашағы. Бұл жобаның түпкі мәні Ұлттық комиссияның басты міндеттерімен, атап айтқанда, отбасы институтын нығайту және балалардың құқығын қорғаумен тікелей ұштасады. Біздің міндетіміз тек академиялық білім берумен шектелмей, баланың рухани әлемін байыту және оны заманауи қатерлерден қорғау. Ауыл мектебі — қоғам мен отбасын біріктіретін киелі шаңырақ, берекелі бірліктің орталығы. Әрбір ауыл баласының сапалы білім алып, қауіпсіз ортада өсуі — біздің ортақ жауапкершілігіміз әрі жұмысымыздың басты индикаторы», — деді ол.

Ал «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжанов ауыл мұғалімдерінің қоғамдағы мәртебесі мен партияның ұстанымын жеткізді:
«Ауыл мұғалімі — елдің ұйытқысы, жаңа буынның рухани темірқазығы. Біз үшін ауыл мектептеріне қолдау көрсету — жай ғана бағыт емес, бұл «Әділетті Қазақстанның» кадрлық іргетасын қалау. Біз ауыл мұғалімінің тек кәсіби біліктілігін емес, оның қоғамдағы асқақ беделін қалпына келтіруіміз керек. Мұғалім заманауи әдістемелермен қаруланып, ауыл баласына жаһандық мүмкіндіктерді аша білуі тиіс. Осындай семинарлар өңірлердегі кадрлық әлеуетті нығайтып, білім сапасын жүйелі арттыру арқылы ауылдың әлеуметтік ахуалын жақсартуға жол ашады», — деп түйіндеді.

Семинардың күн тәртібі тек теориямен шектелмей, заман талабына сай ең өзекті тақырыптарды қамтыды. «Білім берудің жаңа парадигмасы: құндылық, сапа және даму» тақырыбындағы пленарлық отырыста «Qazaq Digital Mektebi» жобасы мен цифрлық технологияларды оқу үдерісіне енгізу мәселелері қызу талқыланды.

Жиынның екінші бөлімінде қатысушылар төрт секцияға бөлініп, төмендегідей маңызды бағыттар бойынша тәжірибе алмасты:
Әлеуметтік тәуекелдермен күрес: Балалардың гаджеттерге тәуелділігі мен лудоманияның алдын алу;
Цифрлық сауаттылық: Оқу үдерісінде Жасанды интеллект (AI) мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;
Киберқауіпсіздік: Мұғалім мен оқушының виртуалды кеңістіктегі қауіпсіздік мәдениеті;
Жаһандық білім: Ауыл мұғалімдері мен түлектеріне арналған халықаралық бағдарламалар мен басқарудың икемді (Agile) тәсілдері.

«Келешек» мектебінде өткен бұл семинар-тренинг – ауыл мектебінің жай ғана білім ордасы емес, заманауи технологиялар мен ұлттық құндылықтар тоғысқан үлкен орталыққа айнала алатынын дәлелдеді. Жиын соңында қатысушылар (барлығы 140 адам) ауылдық білім сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар жиынын әзірледі.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАР МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУДЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ

18.05.20261 194 Views

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

14.05.2026571 Views

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026339 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАР МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУДЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ

18.05.2026

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

14.05.2026

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026

Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады

14.05.2026

Астанада ТМҰ елдерінің бизнес-форумы ашылды

14.05.2026

Қазақстан жол битумына деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етті

14.05.2026

Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласын жаңғырту жалғасуда

14.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.