Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ — АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

12.02.2026
Экономиканың өзегі ауыл шаруашылығында екендігі бүгінгі таңда айқын сезілуде. Жылдан-жылға мұнай қорының сарқылуы бұл салаға басымдық беруді талап етіп отыр. Сырдария өзенімен өмірі өзектес Қызылорда өңірі үшін егіншілік тек күнкөріс көзі ғана емес, стратегиялық маңызы бар бағыт.
«Биыл өңірде су тапшылығы ерекше байқалды. Бұл мәселе Мемлекет басшысының аймаққа жасаған жұмыс сапары барысында да диқандар тарапынан көтерілген болатын. Алайда қалыптасқан күрделі жағдайға қарамастан, аймақ басшысының ұтымды ұйымдастыруы мен жедел қабылданған шешімдерінің нәтижесінде аграрлық саланың берекесі бәсеңдеген жоқ. Нәтижесінде 8 041 гектар жерге орналастырылған ауыл шаруашылығы дақылдары мерзімінде толық жиналды. Оның ішінде негізгі дақыл күріш 3 354 гектар алқапқа себіліп, әр гектарынан 52 центнерден өнім алынды. Бұл су тапшылығы жағдайында қол жеткізілген айтарлықтай көрсеткіш» , — деді Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов.
Саладағы қолдаулар биылғы жылы да жалғасын табады.
«Ендігі басты міндет әрбір тамшы судың қадірін білу. Су үнемдеу технологияларын уақыт оздырмай енгізуіміз қажет. Осы мақсатта алдағы кезеңде лазерлік тегістеу мен тамшылатып суару әдістерін кеңінен қолдану жоспарланып отыр. Бұл тәсілдер суды тиімді пайдалануға ғана емес, өнімділікті арттыруға да мүмкіндік береді», — деді шаһар басшысы.
Ауыл шаруашылығын дамыту өңірдің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудың басты кепілі. Сондықтан аграрлық саладағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.