Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Ерлан Қарин: Қазақ тілі кеңсе тіліне айналуы үшін ең алдымен Ата Заңымыз мемлекеттік тілде дұрыс, түсінікті жазылуға тиіс
Жаңалықтар

Ерлан Қарин: Қазақ тілі кеңсе тіліне айналуы үшін ең алдымен Ата Заңымыз мемлекеттік тілде дұрыс, түсінікті жазылуға тиіс

10.02.20267 008 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мемлекеттік кеңесші,  Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасының мәтіні аударма емес екенін айтты. 

– Көпшіліктің талқысына ұсынылған жаңа Конституция жобасының мемлекеттік тілдегі нұсқасы бойынша жан-жақты жүйелі жұмыс жүргізілді. Осы жұмыстың нәтижесінде жаңа Конституцияның мәтіні 1995 жылы қабылданған Ата Заңмен салыстырғанда сапалық, мазмұндық тұрғыдан жақсарды, ұғынықты, түсінікті, оқылымды бола түсті. Мұны әлеуметтік желіде көптеген азаматтар мойындап отыр. Бұл мәтін 1-2 аптада емес, бірнеше айға созылған күрделі жұмыстың нәтижесі. Мемлекеттік тілдегі жаңа Конституция жобасы – бұл аударма емес. Қолдарыңыздағы қазіргі жоба – о бастан мемлекеттік тілдің мүддесі тұрғысынан жазылған жоба. Яғни, ел тарихында тұңғыш рет Конституциямыз басынан аяғына дейін құқықтанушылар мен тіл мамандарының бірлесіп жұмыс істеуімен мемлекеттік тілде әзірленіп жатыр. Бұл – қазақ тілінің заң тіліне айналғанын, аясы кеңейіп, өркендегенін көрсетеді.

Осы күндері әлеуметтік желіде Сәкен Сейфуллиннің «Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды» деген сөзін жиі кездестіріп жүрміз. Дұрыс, бірақ қазақ тілі кеңсе тіліне айналуы үшін ең алдымен заңдарымыз, әсіресе, Ата Заңымыз мемлекеттік тілде дұрыс, түсінікті, ұғынықты жазылуға тиіс, – деді Ерлан Қарин.

Айта кетейік, бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның VIII отырысы өтіп жатыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.202621 872 Views

Қызылордада интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілуде

13.08.2026107 Views

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР КҮНІ OPEN AIR КОНЦЕРТІМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13.08.2026228 Views
Соңғы жаңалықтар

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026

Қызылордада интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілуде

13.08.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР КҮНІ OPEN AIR КОНЦЕРТІМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13.08.2026

АРАЛ АСПАНЫНДА ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫНДЫ ҮНІ

13.08.2026

Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр

11.08.2026

Қазақстанда NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7%-ға төмендеді

11.08.2026

Еліміздің жастары Президент бастамаларын жүзеге асыруға белсенді қатысуда

11.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.