Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Дүниежүзіндегі ахуалға қарамастан, былтыр экономикамыз 6,5%-ға өсті – Мемлекет басшысы
Жаңалықтар

Дүниежүзіндегі ахуалға қарамастан, былтыр экономикамыз 6,5%-ға өсті – Мемлекет басшысы

10.02.2026644 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Біздің басты мақсатымыз – қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және халықаралық әлеуетін арттыру. Сарапшылар әлем экономикасының өсімі баяулап, халықаралық сауда қарқыны әлсірейді деген болжам жасауда. Дамушы елдерге салынатын жаһандық инвестиция көлемі азайып барады. Қаржы саласы тоқырауға ұшырауы мүмкін.

Бүгінде көптеген ел өз нарығын қорғау шараларын күшейтіп жатыр. Мемлекеттер арасында өзара тарифтік шектеу қою үрдісі белең алды. Жаһандану үдерісі кері сипат ала бастады. Мұның бәрі әлемдегі геосаяси ахуалды өзгертіп жатыр. Бірақ негізгі әрі шешуші оқиғалар әлі алда.

Дүниежүзінде мүлде жаңа үдерістер пайда болуда. Мемлекеттің тұрақты дамуы үшін біз осы өзгерістерге экономикалық және саяси тұрғыдан бейімделуіміз қажет. Бұл – аса маңызды міндеттің бірі.

Бұрынғы тәсілдер қазір тиімсіз болып қалғанын көріп отырмыз. Озық мемлекеттер әлем экономикасын дамытудың жаңа үлгісін әзірлеуге кірісіп кетті. Біз де бұл үдерістен шет қалмауымыз керек.

Ұлт мүддесін қорғау үшін экономиканы нығайтуға және дамытуға арналған нақты жоспар болуға тиіс. Дүниежүзіндегі экономикалық ахуалға қарамастан, былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсті.

Біздің миссиямыз – айқын: экономикалық өсім жоғары сапаға ие болуы керек, яғни, ең алдымен, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын жақсартуға тиіс.

Басқаша айтсақ, ішкі жалпы өнім артқан сайын азаматтардың нақты табысы да көбеюі керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған негізгі міндет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТУДЕ

26.06.2026491 Views

АУДАН ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

26.06.2026358 Views

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

26.06.2026235 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТУДЕ

26.06.2026

АУДАН ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

26.06.2026

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

26.06.2026

Қазақстанды әлемге танытқан кадрлар: тревел-блогер Дастан Мұхамедрахыммен сұхбат

25.06.2026

Президент гранты мен сыйлығын алған журналистер белгілі болды

25.06.2026

Облыстарда жұмыс істейтін 66 журналистке баспана беріледі

25.06.2026

Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ

25.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.