Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

02.02.2026

Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің қатысуымен Конституциялық реформаларға арналған кездесу өтті.

Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихат төрағалары мен депутаттары қатысты.
Жиынды ашқан облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов жаңа Конституцияның мән-маңызына тоқталып, оның қоғам мен мемлекет үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
— Бастапқыда парламенттік реформа аясында Ата Заңның шамамен 40 бабына өзгерістер енгізу көзделгенімен, талқылау барысында реформаның ауқымы әлдеқайда кең екені айқындалды.
Конституцияда Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, бірлік пен келісім, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітіліп, білім мен ғылымға, адами капиталға, цифрландыруға айрықша мән берілген. Отбасы институты, неке, әйелдердің құқықтары, зайырлы мемлекет қағидаттары Ата Заң деңгейінде қорғалып, азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтары алғаш рет нақты айқындалды. Сонымен қатар, жаңа Парламент – Құрылтайдың құрылуы, Халық кеңесі мен вице-президент институтының енгізілуі халық пен билік арасындағы байланысты күшейтіп, «Еститін мемлекет» қағидатын іске асыруға жол ашады.
Сондықтан да, Президентіміздің бастамасымен қолға алынған Саяси-конституциялық реформа ел дамуының жаңа тарихи кезеңінің бастауы болады деп сенеміз, — деді мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов.
Сондай-ақ, жиын барысында облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев, онлайн байланыс арқылы қатысқан Қармақшы аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов сөз алып, Конституциялық реформалардың елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтудегі мән-маңызына тоқталды.
Жиын соңында облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов аталған реформаларға қолдау білдіру – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін айтып, алдағы кезеңде де қоғаммен ашық диалог жалғаса беретіндігін жеткізді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.