Оның хабарлауынша, қазір ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару және қайта айналымға енгізу жұмыстары жүріп жатыр.
«2025 жылы аумақтық бөлімшелер 2,4 млн га алаңда 2053 жоспардан тыс тексеру жүргізді. 1,9 млн гектарға 1563 бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Бұрын берілген нұсқамалар бойынша 986,9 мың гектар жерде жерлерді игеру басталды. 339,3 мың гектар бойынша мәжбүрлеп алып қою жөніндегі істер соттарда қаралуда», – деді М. Теміржанов.
Осыған орай, пайдаланылмай жатқан және жер заңнамасын бұза отырып берілген 2 млн га жерді қайтару жөніндегі республикалық жоспар артығымен орындалып, 2,1 млн га жер мемлекетке қайтарылды.
Қазір 2026 жылға арналған Жол картасында пайдаланылмай жатқан 1 млн га жерді мемлекет меншігіне қайтарып алу көзделген. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстар бөлінісінде бұрын қайтарылған жерлерді қайта бөлу жөніндегі егжей-тегжейлі жоспарды әзірлеп, бекітті. Аталған жоспар қайта айналымға енгізілмеген аумақтарды қамти отырып, оларды экономикалық айналымға жедел тартуды көздейді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға жерлерді қайта бөлу кезінде жергілікті халықтың жайылымдық қажеттіліктерін ескеру туралы нақты нұсқау берілді.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қайтарылған 8,5 млн га жер қайта бөлінді, оның ішінде, 2,8 млн га жергілікті халықтың мал жаюы үшін ортақ пайдалануға берілді; 5,7 млн га конкурстық негізде ауыл шаруашылығы өндірісі субъектілеріне табысталды. Бұл ретте 2026 жылдың ортасына дейін қалған 5,1 млн га жерді тұрақты айналымға тарту жоспарда бар.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың 22 қаңтарында «Жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі республикалық комиссиясының» биылғы бірінші отырысы өтті. Отырыстың қорытындысы бойынша, 2026 жылы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 3,5 млн га жайылым тапшылығы мәселесін шешу тапсырылды. Осыған байланысты, Комитетпен аталған тапсырманы орындау мақсатында тиісті шаралар атқарылып жатыр.
