Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Мәжіліс депутаты Цифрлық кодекстің негізгі қағидаттарын атады
Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Цифрлық кодекстің негізгі қағидаттарын атады

23.01.2026187 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Цифрлық кодекс тұжырымдамасы туралы баяндады. Құжат 7 негізгі бөлімнен тұрады. Оның айтуынша, Кодекстің басты мақсаты – адамның цифрлық ортада қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету, құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдалану кезінде қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін сақтау.

Негізгі қағидаттардың қатарында цифрлық ортаның қолжетімділігі мен инклюзивтілігі, цифрлық этика және жасанды интеллект технологияларын қолдану кезіндегі әлеуметтік жауапкершілік атап өтілді.

Екатерина Смышляева цифрлық салада мемлекеттің тепе-тең қатысу қағидатына жеке тоқталып, мемлекеттік функциялар мен қызметтер мәселесінде мемлекеттің жетекші рөлін сақтайтынын, ал нарықтық сегменттерде даму бизнес пен отандық стартаптардың еншісінде қалуға тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ депутат Цифрлық кодекс цифрлық деректерді дамыту және еркін айналымы мәселелерін қамтитынын, оларды нарықтық және инновациялық шешімдердің өсу тетіктерінің бірі ретінде қарастыратынын жеткізді.

«Кодекске алғаш рет цифрлық ортада адам құқықтарын қорғауға арналған жеке тарау енгізіліп отыр. Мұнда нақты адам құқықтары туралы айтылып тұр, өйткені ол адамның негізгі құқықтары. Бұл тарау үш негізгі блоктан тұрады. Біріншісі – тұлғаның өзін цифрлық ортаға кірген кезде қалай сәйкестендіретініне байланысты жеке басын айқындау құқығы. Алайда бірқатар себептерге байланысты мұндай сәйкестендіру мүмкін болмауы мүмкін: техникалық қолжетімділіктің болмауы, цифрлық құзыреттіліктің жеткіліксіздігі және басқа да жағдайлар. Бұл ретте балама қол жеткізу және сәйкестендіру тәсілдері, соның ішінде офлайн тәсілдер әрдайым сақталуға тиіс. Екінші блок – адамның цифрлық ортада қалыптасатын және сақталатын деректерінің жиынтығы ретінде цифрлық сәйкестілікке қатысты. Бұл деректер жиынтығы қорғауға жатады», – деп түсіндірді Екатерина Смышляева.

Деректермен жұмыс істеу құқықтарына қатысты депутат Кодексте «ұмытылу құқығының» кешенді баламасы қарастырылғанын хабарлады. Бұл – жеке деректерді жою, жасыру және өңдеуді шектеу құқығы. Техникалық тұрғыда тағы екі маңызды тетік енгізілген: азаматтың цифрлық кеңістігі және цифрлық оқиғалар. Цифрлық оқиғалар адамның цифрлық ортадағы барлық әрекетін тіркеуді көздейді. Ал, азаматтың цифрлық кеңістігі бұрынғы қағаз папканың электрондық баламасы болып, пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026856 Views

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026547 Views

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026951 Views
Соңғы жаңалықтар

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026

Тұңғышбай Жаманқұлов бұрын-соңды ел естімеген шындықты айтты

06.05.2026

Алматы әуежайына шұғыл қонған швейцариялық Swiss ұшақтың құпиясы ашылды

06.05.2026

20 млн тонна: Қазақстан әлемдік мыс қоры бойынша 12-орынға шықты

06.05.2026

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

06.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.