Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Fabe Polska компаниясы Қазақстанда құны 69 млрд теңге болатын жылыжай кешенін салады
Жаңалықтар

Fabe Polska компаниясы Қазақстанда құны 69 млрд теңге болатын жылыжай кешенін салады

23.01.2026350 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Fabe Polska компаниясының басқарма төрағасы Фатих Будан жылыжай саласын дамытуға бағытталған ірі жобаны іске асыру жөніндегі инвестициялық келісімге қол қойды. Жоба аясында Шымкент қаласында жылына 38 мың тонна қызанақ өндіретін заманауи жылыжай кешенін салу жоспарлануда. Жобаның жалпы инвестиция көлемі шамамен 69 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Кездесу барысында Айдарбек Сапаров жобаның агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы стратегиялық маңызын атап өтті.

«Мемлекет басшысы инвестиция тарту мәселелеріне, оның ішінде аграрлық секторға ерекше назар аударып келеді. Аталған жобаның іске асырылуы импортты алмастыруға және елдің экспорттық әлеуетін арттыруға тікелей ықпал етеді. Қазақстанда заманауи жылыжай технологияларын енгізуге барлық жағдай жасалған: қолайлы инвестициялық ахуал, мемлекеттік қолдау және сапалы өнімге деген жоғары сұраныс ауқымды өндірісті дамытуға берік негіз қалыптастырады. Министрлік жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде — құрылыстан бастап толық қуатқа шыққанға дейін — жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», — деді министр.

Өз кезегінде Фатих Будан жобаны іске асыру барысында заманауи агротехнологиялар, энергияны үнемдеуге бағытталған шаралар және өндірістік процестерді басқарудың тұрақты даму жөніндегі халықаралық стандарттарға сай жүйелер қолданылатынын атап өтті. Оның айтуынша, жоба өндірістік тиімділікті арттырып, нарықты сапалы өніммен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бұған дейін қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум аясында Fabe Polska компаниясы алдағы бес жыл ішінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне шамамен 137 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026539 Views

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026237 Views

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026629 Views
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026

48 млн шаршы метрден астам аумақ кенелерге қарсы өңделді

30.06.2026

Соңғы жарты жылда қоғамдық тамақтану орындарында 600-ден астам тексеру жүргізілді

30.06.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйледі

30.06.2026

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

30.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.