Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ORHUN MEDICAL ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

19.01.2026
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Orhun Medical компаниясы жаңа медициналық орталығының жұмысымен танысты. Орталықтың негізгі бағыты – позитронды-эмиссиялық томография мен компьютерлік томографияны біріктіретін жоғары технологиялық диагностика. Бұл онкологиялық ауруларды ерте анықтауға, дерттің таралу деңгейін бағалауға және емдеу тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.
Аталған диагностикалық қызметті алу үшін өңір тұрғындары Алматы және Астана қалаларына баратын. Енді бұл қызмет тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі. Медициналық орталықтың жобалық қуаты жылына 3 500 ПЭТ/КТ, 16 000 магниттік-резонанстық томография, 20 000 компьютерлік томография, 25 000 рентгенологиялық зерттеу және 10 000 маммография жүргізуге есептелген.

Қызылорда қаласындағы орталықтың ашылуы Orhun Medical компаниясының Қазақстан өңірлерінде жоғары технологиялық онкологиялық көмекті дамытуға бағытталған жобасының екінші кезеңі болып саналады. Ұлытау, Түркістан, Ақтөбе тұрғындарына да қызмет етеді. Бірінші кезеңде Ақтау қаласында осындай орталық іске қосылған. Зерттеулер тегін мемлекеттік кепілдендірілген көлемі аясында жүргізіледі.
Бұдан бөлек, медициналық орталықта халыққа МРТ, КТ, рентгенография, маммография, ультрадыбыстық диагностика, бейінді мамандардың кеңестері, зертханалық зерттеулер және емшара бөлмелерінің қызметтері қолжетімді болады.
Орталық ақпан айында ашылады деп жоспарлануда.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.