Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Абай ұлттық мектебі тарихындағы жаңа кезең басталды

16.01.2026
Мемлекет және қоғам дамуында айшықты рөлі бар Абай ұлттық мектебі дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Білімнің қасиетті қара шаңырағы Алматы қаласындағы әсем, заманауи жаңа ғимаратқа көшірілді. Жаңа мектеп ғимараты инфрақұрылымдық жаңарумен бірге, болашақ ұрпаққа жасалған инвестиция, сапалы білім мен тең мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды қадам, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Жаңа ғимараттың жобалық қуаты 900 оқушыға арналған. Абай ұлттық мектебіне оқушылар 7-сыныптан бастап оқуға қабылданады. Бүгінде жаңа ғимараттың жанында оқушыларға арналған жатақхана салынып жатыр. Бұл алыс ауылдардан келген талапкерлерге білім алуға қолайлы жағдай жасайды. Сондай-ақ, мектепте ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына, мектеп тарихына арналған Абай мұражайы құрылуда. Мұражай – Абайдың рухани мұрасын зерттеуге, оны насихаттауға және жас ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.

«Бұл құрылыс — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елдік мүддеге бағытталған, жүйелі және тиімді саясатының айқын көрінісі. Мемлекет басшысының білім беру саласына деген қамқорлығының арқасында біз бүгін ұлттық мектебіміздің жаңа белесіне куә болып отырмыз. Мектептің педагогикалық ұжымы озық тәжірибелерді жинақтауда, таратуда, білім беру сапасын жақсартуда маңызды рөл атқарады», – деді ұжыммен кездескен сала министрі Жұлдыз Сүлейменова.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.