Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда көлеңкелі экономикамен күресу үшін деректерді талдаудың цифрлық платформасы құрылады
Жаңалықтар

Қазақстанда көлеңкелі экономикамен күресу үшін деректерді талдаудың цифрлық платформасы құрылады

15.01.2026155 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша жиын өтті. «Көлеңке» деңгейін азайту бойынша жүйелі күрес шеңберінде өткен жылы жаңа тәсілдер енгізілді. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларына тиісті KPI енгізілді. Көлеңкеде қалу қаупі зор сауда, құрылыс, көлік, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы секілді секторларда салалық жол карталары әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов атап өткендей, салалық жол карталарын жүзеге асыру алдын алу шараларының тиімді болуына мүмкіндік берді. Айналымдарды заңдастыру бойынша белгілі бір нәтижеге қол жеткізілді. Мысалы, ішкі саудада көлеңкелі айналым деңгейі 3,54%-дан 2,97%-ға дейін, білім беруде 1,52%-дан 1,1%-ға дейін, ауыл шаруашылығында 1,88%-дан 1,73%-ға дейін төмендеді. 2024 жылдың қорытындысына қарайтын болсақ, ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономиканың үлесі 16,71%-ға қысқарды. 2025 жылдың қорытындысы осы жылдың тамыз айында шығарылады.

Цифрландырудың қарқынды дамуы және цифрлық арналарды пайдалану арқылы жаңа көлеңкелі схемалардың пайда болуы шашыраңқы салалық жол карталарынан көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың бірыңғай кешенді жоспарын қалыптастыруға көшу туралы шешімге алып келді. Smart Data Finance негізінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін және деректерді талдау мен өңдеуде жасанды интеллект құралдарын қолданатын цифрлық платформа құрылады.

Цифрлық платформа салық, кеден, еңбек және салалық жүйелердің дерегін салыстыруға, сұр схемаларды қолдануға бейім анағұрлым осал буындарды анықтауға, сондай-ақ олардың экономика секторлары арасындағы қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ЖИ құралдары Кешенді жоспардың орындалуын бақылау мен нысаналы көрсеткішке қол жеткізу тиімділігін бағалауда қолданылады.

Кешенді жоспар мен цифрлық платформа Үкіметтің көлеңкелі операциялар өрісін тарылту жөніндегі дәйекті жұмысының келесі кезеңі болады. Көлеңкеге бейім салаларды цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Тауарлардың ұлттық каталогы, отандық өндірушілердің тізілімі, тауарларды таңбалау мен қадағалау, цифрлық теңге мен цифрлық ҚҚС енгізіліп, ЭШФ барлық жерде қолданылады.

Сұр схемалардың қолданылуына анағұрлым осал саланың бірі – саудадағы көлеңкелі айналымды азайтудың қосымша шаралары қабылдануда. Нарықтағы қызметті жаңғырту мен ретке келтіру баға белгілеудің ашықтығын арттыруға арналған көтерме сатып алу стандартын енгізу есебінен қамтамасыз етіледі.

Жиын қорытындысы бойынша вице-премьер мемлекеттік органдарға Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп бір ай ішінде нақты цифрлық шешімдермен және ұсыныстармен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026856 Views

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026547 Views

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026951 Views
Соңғы жаңалықтар

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026

Тұңғышбай Жаманқұлов бұрын-соңды ел естімеген шындықты айтты

06.05.2026

Алматы әуежайына шұғыл қонған швейцариялық Swiss ұшақтың құпиясы ашылды

06.05.2026

20 млн тонна: Қазақстан әлемдік мыс қоры бойынша 12-орынға шықты

06.05.2026

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

06.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.