Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда өткен жылы 162 жаңа мектеп салынды
Жаңалықтар

Қазақстанда өткен жылы 162 жаңа мектеп салынды

14.01.2026238 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 236 мыңға жуық оқушы орнына арналған 162 мектептің құрылысы аяқталды, оның ішінде 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында іске қосылды. Бұл білім беру ұйымдары 27 үшауысымды және 11 апатты мектеп мәселесін шешуге, сондай-ақ 160 мың оқушы орнының жетіспеушілігін жоюға мүмкіндік берді. Бұл мақсатта бюджет қаражаты есебінен және инвестициялар тарта отырып жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Ел тарихындағы ең маңызды жобалардың бірі – Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы. Оның аясында 206 мың оқушы орнына арналған 112 жаңа форматтағы мектеп қодданысқа берілді, оның 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан. Еске сала кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 254 мың оқушыға арналған 105 мектеп пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 89 мың оқушыға арналған 81 мектеп салынды. Оның ішінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша 13 мың оқушы орнына арналған 18 жаңа мектеп іске қосылды. Бұл шаралар еліміздің білім беру жүйесін ұзақмерзімді дамытуға және жаңғыртуға бағытталған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен қайтарылған активтер есебінен Ұлытау облысының Қаражал қаласы мен Маңдырай станциясында екі мектеп, Солтүстік Қазақстан облысында бір балабақша салынды. Еске салайық, Арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен 8 білім беру нысаны қаржыландырылды, оның ішінде 5 мектеп, 2 балабақша және 1 жатақхана бар.

Қосымша республикалық және жергілікті бюджет қаражаты мен жеке инвестициялар тарту есебінен 16 мың оқушы орнына арналған 30 мектептің құрылысы жүргізілді.

Сонымен қатар, қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілді:
• реновация бағдарламасы аясында 209 мектеп жаңартылды;
• заманауи стандарттарға сәйкес 1 мың ауыл мектебі жаңғыртылды;
• ауыл мектептері үшін 1196 заманауи пән кабинеті сатып алынды.

Жаңа нысандарды пайдалануға берудің нәтижесінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қарағанды және Қызылорда облыстарында үшауысымды оқыту мәселесі толығымен жойылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

2026 жылы «Ауыл аманаты» жобасына 100 млрд теңге қарастырылған

14.01.2026595 Views

Қарағанды облысында әлеуметтік сала мәселелеріне арналған жиын өтті

14.01.2026108 Views

2025 жылы 570 мың қазақстандық Skills Enbek платформасында білім алды

14.01.2026286 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өткен жылы 162 жаңа мектеп салынды

14.01.2026

2026 жылы «Ауыл аманаты» жобасына 100 млрд теңге қарастырылған

14.01.2026

Қарағанды облысында әлеуметтік сала мәселелеріне арналған жиын өтті

14.01.2026

2025 жылы 570 мың қазақстандық Skills Enbek платформасында білім алды

14.01.2026

КЕЛІНТӨБЕ АУЫЛЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

14.01.2026

ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІНДЕ 80 ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ

14.01.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 40 МВт КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

14.01.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.