Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Су арналарын цифрландыру: елімізде 2028 жылға қарай 3,6 млн «ақылды» су есептеу құрылғылары қолданысқа беріледі
Жаңалықтар

Су арналарын цифрландыру: елімізде 2028 жылға қарай 3,6 млн «ақылды» су есептеу құрылғылары қолданысқа беріледі

13.01.2026109 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Цифрландыру сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртудың ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол – коммуналдық инфрақұрылымды тұрақты пайдаланудың, жүйелі басқарудың, бақылаудың және шығындарды азайтудың қажетті шарты, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Оның айтуынша, сол себепті де байланыс арналары арқылы көрсеткіштерді автоматты түрде жинауға арналған телеметрия технологиясы бар автоматтандыру жүйелеріне (ТП АБЖ) және есепке алу аспаптарына қойылатын талаптарды стандарттау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ұлттық жоба аясында су арналары кәсіпорындарының процестерін кезең-кезеңімен автоматтандыру көзделген.

2026-2028 жылдары 3,6 млн-нан астам «ақылды» су есептеу құрылғыларын орнату жоспарлануда, бұл су шығындарын айтарлықтай оңтайландыруға және жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

«Отандық және халықаралық сарапшылармен бірге Астана, Шымкент, Орал, Екібастұз және Шахтинск сынды 5 қаладағы су арналары қызметінің жұмысын бағалау жүргізілді. Оның нәтижесінде процестерді оңтайландыру бойынша ұсыныстар дайындалды, біртұтас цифрлық шешімдерді және кезең-кезеңімен енгізуді қарастыратын техникалық-экономикалық негіздемені дайындау үшін техникалық тапсырма әзірленді. Сумен жабдықтау аспаптарын орнату бойынша өтінімдерді қалыптастыру мақсатында әкімдіктер мен табиғи монополия субъектілерімен жұмыс жүргізілуде», – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Мемлекет басшысысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауының аясында су секторына халықаралық тәжірибе мен біліктілікті тартуды туралы міндет қойылған болатын. Осы мақсатта былтыр ірі халықаралық желілік операторлар – Veolia, Suez және Aqualia компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Мұндағы формат активтерді беру емес, мемлекет бақылауын сақтай отырып, басқарушылық құзіреттер мен халықаралық үздік тәжірибелерді енгізуге бағытталған.

Қазіргі уақытта еліміздің су инфрақұрылымын басқарудағы тәжірибесі мен құзыреттілігін кеңейту үшін бірнеше азиялық компаниялармен келіссөздер жалғасуда.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026856 Views

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026547 Views

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026951 Views
Соңғы жаңалықтар

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026

Тұңғышбай Жаманқұлов бұрын-соңды ел естімеген шындықты айтты

06.05.2026

Алматы әуежайына шұғыл қонған швейцариялық Swiss ұшақтың құпиясы ашылды

06.05.2026

20 млн тонна: Қазақстан әлемдік мыс қоры бойынша 12-орынға шықты

06.05.2026

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

06.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.