Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Алматыда 90 күнде өрт сөндіру бөлімі салынып, ашылды

08.01.2026
Алматыда №15 өрт сөндіру бөлімінің салтанатты ашылуы өтті.  Бұл мегаполистің өрт қауіпсіздігі жүйесіндегі жаңа тірек пунктіне айналған заманауи нысан. Жаңа бөлімшенің ерекшелігі – құрылыс жұмыстарының қысқа мерзімде аяқталуы: өрт сөндіру бөлімі жылдам тұрғызылатын модульдік конструкциялардан салынып, небәрі 90 күнде толықтай бой көтерді. Мұндай тәсіл қаладағы халқы тығыз орналасқан аудандардың қауіпсіздігін қысқа мерзімде күшейтуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

№15 өрт сөндіру бөлімінің жауапкершілік аймағында 30 мыңнан астам тұрғын және 126 шаруашылық субъектісі бар. Бөлімше Алматы қаласының орталық бөлігінің, сондай-ақ оған іргелес шағын аудандар мен тұрғын үй кешендерінің өртке қарсы қорғалуын қамтамасыз етеді.

Жаңа бөлім толыққанды автономды кешен. Мұнда кезекші ауысымға арналған әкімшілік-тұрмыстық блок, сондай-ақ Batyr team кәсіби спорт залы, воркаут аймағы және жеке құрамның демалуына арналған үй-жайлар бар. Нысан жеке жылу пунктімен, инженерлік желілермен, қауіпсіздік және бейнебақылау жүйелерімен, сондай-ақ заманауи өрт сөндіру-құтқару техникасымен жарақталған.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.