Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: 2026 жылы Қазақстан энергетикасы цифрлық жобалардың ауқымын кеңейтеді

05.01.2026
Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Энергетика министрлігі отын-энергетика кешенінің негізгі процестеріне жасанды интеллект технологияларын жүйелі түрде енгізіп келеді. Министрліктің тәсілі эксперименттік әзірлемелерге емес, инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға, апаттылықты төмендетуге және шығындарды оңтайландыруға бағытталған қолданбалы пилоттық жобаларды іске асыруға негізделген, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта салада үш негізгі практикалық кейс жүзеге асуда:

▪️ Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, электр беру әуе желілерін ЖИ-дефектоскопиялау. Компьютерлік көру және машиналық оқыту технологиялары 4K-камералар, жылу анықтау және лидар жүйелерінен алынған деректер негізінде тірек конструкциялары мен сымдардағы ақауларды, қызып кетулерді, деформацияларды және басқа да жасырын тәуекелдерді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

▪️ Акустикалық резонанс технологиясына негізделген жылу желілерінің роботтандырылған құбырішілік диагностикасы. Бұл шешім жүйені ашпай-ақ және тоқтатпай-ақ құбырлардың жай-күйін нүктелік бағалауды қамтамасыз етеді.

▪️ Газ саласына арналған ЖИ-ассистент, ол мобильді қосымшада түсірілген фотосурет арқылы газ есептегіштердің көрсеткіштерін автоматты түрде таниды. Бұл адам факторын азайтып, есепке алудың дәлдігін арттырады.

Аталған шешімдердің барлығы пилоттық режимде апробациядан өтіп, жоғары тиімділігін көрсетті: диагностика уақыты жеделдеді, апаттылық деңгейі төмендеді және ресурстарды үнемдеу айтарлықтай артты.

Президент қойған міндеттерге сәйкес, 2026 жылы Энергетика министрлігі электр және жылумен жабдықтау салаларында ЖИ-шешімдерді пилоттық кезеңнен ауқымды енгізуге көшіруді жоспарлап отыр.

Басым бағыттардың қатарында: ЖИ-дефектоскопиядағы ақаулар классификаторларын кеңейту, магистральдық құбыржолдарда құбырішілік диагностика технологияларын енгізу, сондай-ақ газ саласындағы цифрлық сервистерді одан әрі дамыту бар.

Сонымен қатар, Министрлік жасанды интеллект технологияларын әзірлейтін отандық ІТ-компаниялармен қол қойылған меморандумдар аясында жүйелі ынтымақтастықты жалғастырады.

2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялануы озық технологияларды жедел енгізуге және Қазақстан энергетикасын орнықты, цифрлық әрі технологиялық тұрғыдан тәуелсіз салаға айналдыруға қуатты серпін береді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.