Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Әлеуметтік инспекторлар 1 370-ден астам тексеру жүргізді

26.12.2025
2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 1 371 тексеру жүргізді, оның 466-і жоспардан тыс, 558 – профилактикалық бақылау аясында, 347 – прокуратураның талабы бойынша өтті. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 704 ұйғарым берілді, 79,7 млн теңгеден астам сомаға 349 айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Мемлекеттік бақылаумен қамтылғандар: мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 273, денсаулық сақтау нысандары – 170, білім беру – 228, әлеуметтік қорғау – 315, мәдениет – 56, спорт – 55, көлік инфрақұрылымы – 44, қоғамдық тамақтану – 26, сауда – 93, қаржы қызметін көрсету 24 және басқа да нысандар – 87.

Осылайша, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты 10 объектілеріне халықтың қозғалысы шектеулі топтары үшін нысандардың қолжетімділігі мәселесі бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексерулер қорытындыларымен нұсқамалар беріліп, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Соңғы жылдары қала инфрақұрылымында елеулі оң өзгерістер байқалады. Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік маңызы бар нысандардың қолжетімділігі артты, мемлекеттік ұйымдар, медициналық мекемелер мен қоғамдық кеңістіктер бейімделді. Мұның барлығы біздің күнделікті өмірімізді жеңілдетіп, қажетті қызметтерді кедергісіз алуға жағдай жасап отыр», – деді Өскемен қаласының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар Айнұр Қалиева.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.