Оның мәлімдеуінше, 20 жобада 6 өңірде ауыз суды 70 елді мекенге жеткізуді қамтамасыз ететін 1497 шақырым топтық су құбырларын салу мен реконструкциялау көзделген.
«Бұдан басқа, жыл соңына дейін 8 жобаның жоспарлы көрсеткіші кезінде 12 жобаны пайдалануға беру жоспарланған, бұл белгіленген нысаналы индикаторлардың асыра орындалғанын көрсетеді. Бұл ретте бастапқыда Комитетке бұрын ауыз суға толық қол жеткізе алмаған 52 ауылдық елді мекенді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме бекітілді. Бүгінгі таңда 48 ауыл сумен қамтамасыз етілді және жыл соңына дейін тағы 4 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосу жоспарланып отыр. Бұл белгіленген міндеттемелерді толық көлемде орындауға мүмкіндік береді», – деді Комитет төрағасы.
Бір мезгілде қосымша ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қабылдау, сондай-ақ жобалық шешімдерді оңтайландыру нәтижесінде жоспарлы көрсеткіштерден тыс тағы 22 ауылдық елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, Комитет 5 жобаның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуде. Іске асыру қорытындысы бойынша 207,6 шақырым топтық су құбырлары қайта жаңартылатын болады, сондай-ақ 449,9 мың халық тұратын 222 елді мекенде ауыз сумен қамтамасыз ету жақсартылады.
Спикердің айтуынша, суды ұтымды пайдалану үшін суға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру ерекше маңызға ие. Комитет «Суды үнемде — болашақты сақта» жобасы аясында мектептерде түсіндіру іс-шараларын өткізді. Алдағы уақытта бұл бағдарлама жоғары оқу орындары мен колледждерде жалғасын табады. Ал, келесі жылы топтық су құбырларын салу мен реконструкциялаудың қалған 8 жобасын іске асыруды аяқтау және 5 топтық су құбыры бойынша оң қорытындылар алу бойынша міндеттер алға қойылды.
Айта кетерлігі, Министрлік Қытай елімен келісім жасасып, отандық мамандарды шетелге біліктілігін арттыруға жіберіп жатыр.
