Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі кезең-кезеңімен дамып келеді
Жаңалықтар

Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі кезең-кезеңімен дамып келеді

25.12.2025172 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тең әрі қолжетімді білім беру жағдайларын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Мектепке дейінгі ұйымдар мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагог-ассистент, ал жалпы білім беретін мектептерде жеке көмекші штаттық лауазымдары енгізілді. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында 3,8 мың педагог-ассистент, 10 275 арнайы педагог және 130 жеке көмекші қызмет атқаруда.

Бүгінде елімізде 515 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аутизм орталықтарының желісін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, балаларды ерте жастан бастап мамандық алғанға дейін үздіксіз сүйемелдеуді көздейтін тұжырымдама бекітілді. Бұл оқытудың барлық кезеңдерінде қолдаудың сабақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды жеке сүйемелдеу жүйесі кеңейтілді. Қазіргі уақытта 129 балаға физикалық сүйемелдеу көрсетілуде, ал бұған дейін үйде оқып келген 45 бала мектепте білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде инклюзивті оқытуға жағдай жасалған білім беру ұйымдарының үлесі 92,5 пайызға, ал арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту деңгейі 87 пайызға жетті. Бұл Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесінің тұрақты әрі жоспарлы түрде дамып келе жатқанын көрсетеді.

Сондай-ақ, биыл елімізде алғаш рет инклюзивті білім беру бойынша Дүниежүзілік конгресс өткізілді. Аталған халықаралық іс-шара инклюзивті практикаларды дамыту саласындағы маңызды алаңға айналып, педагогтердің кәсіби құзыреттерін арттыруға, инклюзивті мәдениетті нығайтуға және барлық балалар үшін білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған жаһандық диалогтың жаңа кезеңін бастады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

25.12.2025271 Views

Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

25.12.2025391 Views

Биыл Қазақстанда үш жаңа арнайы экономикалық аймақ пайда болды

25.12.2025135 Views
Соңғы жаңалықтар

Жауапкершілік пен ашықтық: ортақ міндет

25.12.2025

2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

25.12.2025

Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

25.12.2025

Биыл Қазақстанда үш жаңа арнайы экономикалық аймақ пайда болды

25.12.2025

Топтық су құбырларын жөндеу арқасында 48 ауыл сумен қамтамасыз етілді

25.12.2025

Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді

25.12.2025

Ауылдық денсаулық сақтау: 646 жаңа бастапқы медицина нысаны салынды

25.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.