Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Маңғыстау облысында үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілмек
Аймақ жаңалықтары

Маңғыстау облысында үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілмек

23.12.2025332 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Маңғыстау облысында «Келешек мектептері», «Ауыл – Ел бесігі» жобалары аясында және демеушілік есебінен облыста 14 мектептің құрылысы мен 2 мектепке қосымша құрылыс салынып, пайдалануға берілді. Өткен оқу жылында 3 ауысымда оқитын 10 мектеп болса, биыл 3 мектеп қалып отыр. Өңірдегі үш ауысым мәселесін түпкілікті жою үшін 9100 орынға арналған 8 мектептің құрылысына және жапсаржай салу үшін ЖСҚ дайындалуда. Өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ баспасөз мәслихатында осылай деді.

Оның хабарлауынша, ағымдағы жылы мемлекеттік грант иегерлер саны өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға өсті.

«Биыл өңірімізде алғаш рет «Табысты мектеп» конкурсы өткізілді. Оның мақсаты – өңірдегі білім сапасын арттыру және педагогикалық ұжымды ынталандыру. Конкурс нәтижесінде мектептің барлық қызметкерлері кіші қызметкерден бастап мектеп директорына дейін қаржылай сыйақы алды. Ағымдағы жылы Астана қаласында ауыл оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағытына 38 оқушы қатысып, командалық бас жүлдені жеңіп алды. Жаңаөзен қаласында 350 орындық оқушыларға арналған озық үлгідегі болашақ сарайының құрылысы аяқталды, нысан берілуге дайын», – деді Маңғыстау әкімі.

Өңірде ерекше балаларды қолдау мәселесі өзекті. Оларға жағдай жасау мақсатында мемлекеттік жекешелік әріптестік механизмі арқылы облыста 2 балабақша салу бойынша жұмыстары басталып, құрылысы 2027 жылы аяқталады. Бейнеу ауылында алғаш рет ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. 2026 жылы кәмелет жасына толмаған балаларға арналған 100 орындық орталық өз жұмысын бастайды.

Әкім денсаулық сақтау саласындаңы жетістіктермен де бөлісті. Мәселен, Мұнайлы ауданында 150 төсек орындық аурухана салынып, іске қосылды. Жаңа аурухана 173 мыңнан астам жергілікті тұрғынды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етуде. 3 алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету нысандары іске қосылды. Позитронды эмиссиялық томография (ПЭТ) орталығы ашылды. Орталық онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау және тиімді емдеу жүйесінің маңызды буынына айналатын болады. Осы зерттеуден өту үшін бұрын облыстан жыл сайын 1 мыңға жуық тұрғын Астана мен Алматыға кетсе, қазір оны Ақтау қаласында өткізе алады. Келесі жылға 2000-нан аса зерттеулер жоспарланған, көрші облыстардың азаматтарын да қабылдауға мүмкіндік болады.

Ақтау қаласында жедел жәрдем станциясының құрылысы аяқталды. Станцияға 34 жаңа жедел жәрдем автокөлігі мен аудандық ауруханаларға 18 дана жаңа арнайы санитарлық автокөліктер табысталды.

Саладағы негізгі мәселенің бірі кадр тапшылығын шешу үшін биыл медицина саласына 164 грант бөлінді, 195 дәрігерге 1,2 млрд теңге сомасында біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді, 21 қызметтік пәтер сатып алынды және шетелге оқуға 20 маман жіберілді.

Соңғы екі жылда спорт саласында 9 мемлекеттік мекеме құрылды. Ағымдағы жылы бірқатар спорттық нысан пайдалануға беріліп, 14 спорттық мекемеге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Спорт мектептеріне 4 жеңіл автокөлік, 20 микроавтобус табысталды.

Мәдениет саласында есепті кезеңде 6,5 мыңнан астам мәдени шара ұйымдастырылды. 15 мәдениет нысандарына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, қызмет бабында пайдалану үшін 11 арнайы автокөліктер сатып алынды.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында жыл басынан бері 130 мың адам қатысты, 32 мыңнан астам ағаш түптері отырғызылды, арнайы техникалар табысталуда. Сонымен қатар ауылдық елді мекендердің арасында «Үлгілі ауыл» байқауы өткізілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026429 Views

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

02.07.20261 836 Views

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026539 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

02.07.2026

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026

48 млн шаршы метрден астам аумақ кенелерге қарсы өңделді

30.06.2026

Соңғы жарты жылда қоғамдық тамақтану орындарында 600-ден астам тексеру жүргізілді

30.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.