Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА 21 СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРДІ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА 21 СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРДІ

22.12.2025123 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекет басшысының аймақтарда спорт инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде стадиондар мен спорт кешендерінің санын көбейту тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында жаңа стадион салынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев айтты.
«УЕФА-ның ІV санатты сертификатын алған 11 мың орындық заманауи нысанда ауқымды спорттық шараларды өткізуге барлық мүмкіндік бар. Жаңа стадион 4 қазан күні футболдан Қазақстан кубогының финалдық ойынымен ашылды.
Аймағымызда халықтың барлық санатының бұқаралық және кәсіби спортпен шұғылдануына жағдай жасалған. Соңғы 3 жылда 21 спорт кешені бой көтеріп, ел игілігіне табысталды.
Облыс орталығындағы ірі жобалардың бірі – аумағы 25 мың шаршы метр, құны 20 млрд. 500 млн. теңге болатын көпбейінді «Қызылорда Арена» спорт кешені. Бүгінде кешеннің құрылыс алаңындағы жұмыс қарқынды.
«Самұрық Қазына Траст» қорымен бірлесіп салынған «Теннис орталығы», «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Шиелі, Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері ел игілігіне табысталды. Қордың демеушілігімен тағы бір дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Нысан жақын күндері пайдалануға беріледі», – деді Н.Нәлібаев.
Айта кетейік, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен орнатылған 80 спорт-ойын алаңы ел игілігіне айналды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 5 спорт кешені бой көтеріп келеді.
Бүгінде облыста 1538 спорт ғимараты бар, саланы қарқынды дамытуға ұлттық компаниялар, қорлар және жергілікті кәсіпкерлер де белсенді атсалысуда.
Соның бірі – «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды қолдау қорымен бірлескен, Қызылорда қаласының сол жағалауына 3 млрд. 400 млн теңгеге салынған «Теннис орталығы».
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының демеушілігімен 2 млрд. 900 млн теңгеге ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Аталған қордың көмегімен осы жылы Шиелі және Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері салынып, ауыл тұрғындарына табысталды.
Қазақстан футбол федерациясының «Алаң» бағдарламасымен 2024 жылы Қызылорда қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның қосалқы алаңы қайта жаңғыртудан өткен болатын. Осы жылы да федерация қолдауымен Жалағаш ауданының орталық стадионы күрделі жөндеуден өтіп, аудан жұртшылығы мен спортшыларына пайдалануға берілді.
Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы – облыс әкімінің қолдауымен жеке теңгерімдегі «Тарлан» спорт кешені басқарма меншігіне беріліп, «Қызылорда ерлер және әйелдер бокс клубы» болып ресми түрде ашылды. Ғимарат демеушілер есебінен күрделі жөндеуден өтіп, заман талабына сай толық жаңғыртылды.
Осылайша халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтылу көрсеткіші 56,5 пайызға жетті.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026451 Views

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026217 Views

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026429 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

02.07.2026

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.