Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Биыл су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін артты

19.12.2025

Фото: Ашық дереккөз

Су саласының тартымдылығын арттыру мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі жалақыны көтеруге бағытталған кешенді шаралар қабылдады. Нәтижесінде 2024 жылы «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өсті, ал биыл 1 шілдеден бастап тағы 35-50%-ға артты. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің бір жылдық қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, қазіргі таңда «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің орташа жалақысы екі есе өсіп, 300 мың теңгені құрап отыр.

Еңбек жағдайларын жақсарту шаралары аясында, биылдан бастап «Қазсушар» РМК-нің 425 маусымдық қызметкері тұрақты қызмет орындарына ауыстырылды.

«Қазсушар» РМК филиалдары үшін 757 арнайы техника мен автокөлік сатып алу жұмысы басталды. Бүгінге дейін жоспарланған 757 техниканың 576-сы алынды.

«Бүгінгі таңда жоспарланған 757 техниканың 576-сы сатып алынды. Сонымен қатар 2028 жылға дейінгі Жол картасы аясында Қ.Сәтпаев атындағы каналды жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру жұмыстары басталды. Жұмыстарға 17 трансформаторды сатып алу, сондай-ақ 19 сорғы агрегатын жаңғырту және жөндеу кіреді», деді ол.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.