Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

2025 жылы Павлодар облысына 1 трлн теңге инвестиция тартылды

19.12.2025
Биыл Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері тұрақты өсімге ие. Өңірге 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Осы нәтижемен өңір республика бойынша 2-орынға шықты. Тартылған қаражаттың 80%-ы — жеке сектордың қаражаты. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ОКҚ брифингінде хабарлады.

Оның айтуынша, қазір өңірде жалпы құны 7,3 трлн теңгені құрайтын 102 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

«Өнеркәсіптің қарқынды дамуы – экологияға белгілі бір әсер ететінін жақсы түсінеміз. Сондықтан өңірдің индустриялық өсуін сақтай отырып, ластаушы заттарды азайтуға басымдық беріп отырмыз. Мысалы, соңғы бір айда Екібастұзда ашылған екі жаңа ферроқорытпа зауытында 99,8% зиянды заттарды ұстай алатын заманауи гибридті сүзгілер орнатылды. ERG тобының төрт ірі кәсіпорнында 178 млрд теңге көлемінде кешенді экологиялық шаралар атқарылуда», – деді өңір басшысы.

Алдағы уақытта осындай шараларды Павлодар мұнай-химия зауыты, облыстық жылу-энергетикалық орталықтары және Екібастұздағы МАЭС-1 мен МАЭС-2 зауыттарында енгізу жоспарланған.

Тағы бір маңызды бағыт – қатты қалдықтарды басқару. Облыс орталығында алғашқы заманауи қоқыс сұрыптау кешені бой көтеруде. Мұнда пластик, металл, қағаз және шыны қайта өңдеуге тапсырылады. Жобаның жалпы инвестициясы 4.8 млрд теңге, қуаты 150 мың тоннаны құрайды. Бұл кешенді келесі жылдың мамырында іске қосу көзделген.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.