Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Келер жылы Балқаш көлі маңындағы Лепсі станциясында жаңа вокзал ашылады
Аймақ жаңалықтары

Келер жылы Балқаш көлі маңындағы Лепсі станциясында жаңа вокзал ашылады

15.12.2025234 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Жетісу өңірінде туризм саласы ерекше назарда. Облыс құрылған сәттен бастап бұл салаға мемлекеттік бюджеттен 53 млрд теңге бөлінді. 64 жаңа нысан пайдалануға берілді. Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауын күтіп ұстау үшін екі коммуналдық мекеме ашылды. Жыл сайын өңірге 2 миллионнан астам турист келеді. Олардың келіп-кетуіне және демалуына қолайлы жағдай жасау – басты міндет. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Биыл жаңа «Ақши-Бескөл» электр желісі және қосалқы станциясы іске қосылды.

«Жағалауды нығайту бөгеттерінің және кәріз тазарту құрылғысының құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандардың құрылысын 2027 жылы аяқтау үшін республикалық бюджеттен қалған қаражат бөлінуі қажет. Балқаш көлінің жағалауына дейін жол салынып, су Лепсі станциясынан жеткізілді. Енді жағалауды абаттандырып, демалыс аймақтарын салу және жеке инвесторларды тарту міндеті тұр. Көл жағалауында 6 коммуналдық жағажай қарастырылған, оның үшеуінде құрылысты бастап кеттік. Сондай-ақ Лепсі станциясында жаңа теміржол вокзалының құрылысы басталып, келер жылы қолданысқа беріледі», – деді спикер.

Экологиялық туризмді дамыту мақсатында «Алтын-Емел» және «Жоңғар Алатауы» ұлттық парк аумақтарында визит-орталықтар ашылды. Жасылкөл көліне және Ш. Уәлиханов мемориалдық мұражайына апаратын жолдар жөнделді. «Бұрхан-Бұлақ» сарқырамасына апаратын жолдың құрылысы басталды.

Облыста «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жүйелі іске асырылуда. 2024-2025 жылдары облыста жаңа және жаңғыртудан өткен 29 саябақ, 2 орталық алаң, көптеген балалар және спорт алаңы абаттандырылды. Сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры мен қасбеті жөнделіп, арық желілері қалпына келтірілді, көше жарық шамдары орнатылды. Облыс бойынша елді мекендер аумағында 250 мыңға ағаш отырғызылды. Орман қоры 27,4 млн түп ағашқа ұлғайды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026917 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.