Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Мектептегі дзюдо: Қазақстанда мектеп ішінен дзюдо залдары желісі ашылды
Жаңалықтар

Мектептегі дзюдо: Қазақстанда мектеп ішінен дзюдо залдары желісі ашылды

15.12.2025103 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Астана қаласындағы №45 мектепте еліміздегі дзюдодан алғашқы мамандандырылған мектеп залының салтанатты ашылуы өтті. Жоба мектеп спортын дамыту аясында Туризм және спорт министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және спорт ұйымдарымен бірлесе жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Дзюдо залының ашылуы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) өзара іс-қимылы және ҚР Туризм және спорт министрлігінің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан Judo in Schools («Мектептегі дзюдо») бағдарламасы аясында өтті. Бағдарлама заманауи жабдықтармен қамтылған, әдістемелік базасы бар мектеп дзюдо залдарының желісін кезең-кезеңімен құруды көздейді.

Алғашқы кезеңде №45 мектептің («Келешек мектебі») дзюдо залы заманауи спорт құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Білім беру ұйымына оқушыларға арналған арнайы спорттық инвентарь мен дзюдо кимонолары тегін табысталды.

Сондай-ақ залдың ашылу рәсімі аясында Туризм және спорт министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Халықаралық дзюдо федерациясы, Қазақстан дзюдо федерациясы және «Жеңіс» спорт клубы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат мектеп спортын дамыту бағытында тараптардың тұрақты өзара іс-қимыл тетігін қалыптастыруды көздейді.

Қазақстанда дзюдо спорты тұрақты дамып келеді. Елдос Сметовтің Париж Олимпиадасындағы тарихи алтын жүлдесінен кейін бұл спорт түріне деген қызығушылық едәуір артты. Қазіргі таңда елімізде дзюдомен шамамен 90 мың адам, ал спортшыларды даярлаумен 1300-ге жуық жаттықтырушы айналысады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдегі құрылыс сапасы талқыланды

15.12.2025529 Views

Мемлекет басшысы ресми сапармен Жапонияға барады

15.12.2025791 Views

Келер жылы Балқаш көлі маңындағы Лепсі станциясында жаңа вокзал ашылады

15.12.2025228 Views
Соңғы жаңалықтар

Кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдегі құрылыс сапасы талқыланды

15.12.2025

Мемлекет басшысы ресми сапармен Жапонияға барады

15.12.2025

Келер жылы Балқаш көлі маңындағы Лепсі станциясында жаңа вокзал ашылады

15.12.2025

Мектептегі дзюдо: Қазақстанда мектеп ішінен дзюдо залдары желісі ашылды

15.12.2025

Биыл Қазақстанның энергожүйесі рекордтық 118 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндірді

15.12.2025

Биыл республика бойынша 79 спорт нысаны салынды

15.12.2025

Грузия бағыты бойынша жаңа рейстер ашылады

15.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.