Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»«Достықта жоқ шекара» атты фестивал өтті
Аймақ жаңалықтары

«Достықта жоқ шекара» атты фестивал өтті

15.12.2025252 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Достық үйінің концерт залында облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының ұйымдастыруымен, облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен дәстүрлі «Достықта жоқ шекара» фестивалі өтті.

Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шараға облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары, әскери қызметшілер және қала тұрғындары қатысты.

Достық үйінің фойесінде фотосуреттер мен қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.

Фестиваль барысында «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов пен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері Рахима Ахметова құттықтау сөз сөйлеп, «Славяне» орталығының достық пен бірлікті сақтау және нығайту жолындағы еңбегіне ризашылықтарын білдірді.

Концерттік бағдарлама аясында қала мектептерінің оқушылары мен «Анар Бэби» балаларды дамыту орталығының тәрбиеленушілері, вокалдық топтар мен этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары әлем халықтарының билерін орындап, достық, бірлік пен бейбітшілік тақырыбында түрлі тілдерде әндер шырқалды. Сондай-ақ славян орталығының «Надежда» жастар тобы «Иван Васильевич меняет профессию» фильмінен көрініс қойды.

Фестиваль барысында жуырда Ресей Федерациясының Түмен қаласында өткен зейнеткерлер спартакиадасында жүлделі орындарға ие болған этномәдени бірлестіктердің белсенді ардагерлерінен құралған спорттық команда сахнаға шақырылды. Сонымен қатар, Жамбыл облысындағы «Радонеж» орыс қауымдастығының «Калинка» ансамблі (Тараз қаласы) өнер көрсетті. Фестивальдің әрбір концерттік нөмірі көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, зор қошеметпен қарсы алынды.

Іс-шара соңында «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының төрағасы Галина Щербакова фестивальге белсене қатысқан барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026917 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.