Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»САБАЛАҚ ЕЛДІМЕКЕНІ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

САБАЛАҚ ЕЛДІМЕКЕНІ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

15.12.2025691 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қызылорда қаласында көптен бері шешімін күткен маңызды мәселе — Сабалақ елдімекені табиғи газға қосылуда.

Бұл жаңалықты Сабалақ тұрғындары аса зор қуанышпен қабылдап жатыр.
Қала маңында орналасқан Сабалақ елдімекенінде халық саны жыл сайын артып, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынуда және соңғы 3 жылдың ішінде 5 млрд. теңге жуық қаржыға ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды.
Оның ішінде жол, жарық, ауыз су желісі тартылып, бірқатар көшелерге жарықтандыру жүргізілді. Қоғамдық көлік қатынасы реттелді.
Осы жұмыстармен қатар, тұрғындардың басты сұранысы табиғи газ мәселесін шешу болатын.
Аймақ басшысы халықтың сұранасын қанағаттандыру мақсатында тиісті салаға мәселені жедел шешу туралы тапсырма беріп, демеушілік есебінен 53 млн. теңгеге жоба сметалық құжаттама әзірленді.
Нәтижесінде, республикалық және облыстық бюджеттен жобаны жүзеге асыруға 3,2 млрд теңге бөлініп, 2024 жылы елді мекенді газдандыру жұмыстары басталды.

Мердігер мекеме «Сырэнергогазстрой» ЖШС арқылы 3 кезеңнен тұратын жоба аясында 100 шақырымға жуық газ құбыры тартылып, 1 дана газ реттеуіш пункті мен 5 дана шкафты газды реттеу пункті орнатылды.
Қазіргі таңда пайдаланушы мекемелер тарапынан тексеру және қабылдау жұмыстары аяқталып, елдімекенге жеткізуші газ құбыры жоғары қысымды газ желісіне қосылды.
Жыл соңына дейін барлық жұмыстар аяқталып, 1670 абонент көгілдір отынға қосылуға қол жеткізеді.
Айта кету керек, аймағымызда 2021 жылдың соңында газдандыру деңгейі 67 пайыз болатын. Атқарылған ауқымды жобаларадың арқасында 2022-2025 жылдар аралығында 63 млрд. 600 млн. теңгеге 77 жоба жүзеге асырылып, биыл облысымызда газдандыру көрсеткіші 83 пайызға жетті.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдегі құрылыс сапасы талқыланды

15.12.2025529 Views

Мемлекет басшысы ресми сапармен Жапонияға барады

15.12.2025791 Views

Келер жылы Балқаш көлі маңындағы Лепсі станциясында жаңа вокзал ашылады

15.12.2025228 Views
Соңғы жаңалықтар

Кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдегі құрылыс сапасы талқыланды

15.12.2025

Мемлекет басшысы ресми сапармен Жапонияға барады

15.12.2025

Келер жылы Балқаш көлі маңындағы Лепсі станциясында жаңа вокзал ашылады

15.12.2025

Мектептегі дзюдо: Қазақстанда мектеп ішінен дзюдо залдары желісі ашылды

15.12.2025

Биыл Қазақстанның энергожүйесі рекордтық 118 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндірді

15.12.2025

Биыл республика бойынша 79 спорт нысаны салынды

15.12.2025

Грузия бағыты бойынша жаңа рейстер ашылады

15.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.