Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Қызылордада синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1500 сайт бұғатталды

12.12.2025

Биыл Қызылорда полицейлері есірткіні заңсыз жарнамалау бағытында прокуратура органдарымен бірлесіп қылмыстық істер шеңберінде екінші деңгейлі банктердегі 1100 есепшоттан  жалпы сомасы 90 миллион теңгені бұғаттауға қойды.

Жеке құрам есіткімен күресті үздіксіз жүргізіп келеді. «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1500 сайт енгізіліп, бұғатталған.  Прокуратура органдарының қызметкерлері «Amanat» партиясының өкілдерімен бірлесіп, облыс орталығынан есірткі жарнамасы бар 100 граффити жазуларды жойды.

Жақында қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасына граффити жазуларын жарнамалап жүрген тұрғын ұсталып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазір оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 299-1 бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Халықтың нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында жергілікті бюджеттен 2025 жылға 17 млн теңге қаражат бөлінген. 102 мыңнан астам жасөспірім, олардың ата-аналары мен оқытушыларының қатысуымен 1032 іс-шара өткізілді.

Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ

 

 

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.