Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢАДАН ОЙЫН АЛАҢДАРЫ САЛЫНУДА

10.12.2025

Қызылорда қаласында биылғы жылы аула инфрақұрылымын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Облыс әкімінің қолдауымен 20 аулаға заманауи балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарын салуға 1,3 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл бастама қала тұрғындарының демалыс сапасын арттырып, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада ойнауына жағдай жасауды көздейді.

Жоба аясында балалар мен жасөспірімдерге арналған кең ауқымды құрылымдар орнатылуда. Атап айтқанда, воркаут спорт алаңдары, кіші футбол алаңдары, балаларға арналған сырғанақтар, әткеншектер, карусельдер, арқанды өрмелеу элементтері мен балансирлер салынуда. Сонымен бірге тартан жабыны бар жасанды төсеніштер төселіп, қауіпсіздік деңгейі жоғарылатылуда.

Алаңдардың аумағы толық абаттандырылады: демалуға арналған орындықтар, қоқыс жәшіктері, көлеңке шатырлары орнатылады және жаяу жүргіншілер жолдары салынады. Бұл кешенді жұмыстар аула инфрақұрылымын жаңғыртып қана қоймай, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне де мүмкіндік береді.

Қала тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жасалып жатқан бұл бастамалар алдағы уақытта Қызылорданың әлеуметтік келбетін жақсарта отырып, балалардың дене шынықтырумен белсенді айналысуына жаңа серпін беретіні сөзсіз.

 

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.