Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»БҚО елді мекендері ауыз су және газбен толық қамтамасыз етілді
Жаңалықтар

БҚО елді мекендері ауыз су және газбен толық қамтамасыз етілді

08.12.2025196 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
БҚО-да су, кәріз және жылу жүйелері кезең-кезеңімен жаңартылып келеді. 2023 жылдан бері құны 550 млн теңгені құрайтын жобалар аясында Орал жерасты су көзінде 6 жаңа ұңғыма бұрғыланып, су өндіру көлемі тәулігіне 40 мың текше метрге дейін артты. Сондай-ақ 2025 жылы жалпы құны 21,6 млрд теңгеге диаметрі 1000 мм су құбыры мен Орал жерасты су көздерін реконструкциялау жұмыстары басталды. Бұл жайлы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады.

Оның айтуынша, кәріз жүйелері де жүйелі түрде жаңартылуда. 2023 жылдан бері 10,5 млрд теңгеге 4 ірі нысан іске қосылды.

«Пайдалану  мерзімі 60 жылдан асқан және бұған дейін реконструкция жүргізілмеген төрт ірі кәріздік сорғы станцияларының жаңғыртылуының нәтижесінде 320 мың тұрғын сенімді кәріз жүйесімен қамтылды. Жыл соңына 2,3 млрд теңгені құрайтын тағы екі  кәріздік сорғы станцияларының реконструкциясы аяқталып, 90 мыңнан астам абонент тұрақты су бұру жүйесіне қосылады. Сонымен бірге 1,4 млрд теңгеге № жылу магистралі толықтай 3,2 шақырымы жаңғыртылып, 60 мың тұрғынның тұрақты жылумен қамтылуына мүмкіндік жасалды», – деді өңір басшысы.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы 10,2 млрд теңгеге №2 жылу магистралі жаңғыртылып, жаңа екі қазандық іске қосылды.

Электрмен жабдықтау саласында да оң өзгерістер бар. Соңғы 3 жылда жалпы құны 13 млрд теңгені құрайтын 12 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде 40-50 жылдан астам уақыт пайдаланылған 6 мың шақырымға жуық электр желілері жаңартылды. Сонымен қатар екі жаңа қосалқы станция мен екі өндірістік-жөндеу базасы салынды. Нәтижесінде электр желілерінің тозу деңгейі 82%-дан 75,4%-ға дейін төмендейді.

1960 жылы іске қосылған, соңғы 10 жыл уақыт бойы тоқтап тұрған №1 турбоагрегаттың жаңартылуы энергия тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды. Нәтижесінде станцияның қуаты 12,5 МВт-қа артып, 58 МВт-қа жетті.

2023-2024 жылдары аралығында 10 мыңға жуық тұрғыны бар 72 елді мекен таза ауыз сумен қамтылды. Жыл соңына дейін тағы 55 елді мекенге ауыз су жеткізіледі. Аталған жұмыстарға 20 млрд теңге қаражат бөлінді. Осылайша, елді мекендерді 100% ауыз сумен қамту жөніндегі Президент тапсырмасы толық орындалады.

Газдандыру да басты назарда. 2023 жылдан бері 28 ауылға газ тартылып, 3,7 мың тұрғын алғаш рет көгілдір отынның игілігін көрді. Сонымен бірге, 60 әлеуметтік нысан газға қосылды. Бүгінде облыстың газбен қамтылуы 100%-ға жетті. Жалпы, 2023-2025 жылдары өңірде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын дамытуға 76 млрд теңге қарастырылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026917 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.