Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Биыл Алматы облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 750 млрд теңгеден аспақ
Жаңалықтар

Биыл Алматы облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 750 млрд теңгеден аспақ

27.11.2025861 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Алматы өңірінде ауыл шаруашылығын дамыту – облыстың басым бағыттарының бірі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 682 млрд теңгеге жетіп, өңірлік өнімнің 7%-ын құрады. Биыл бұл көрсеткіш 3,3% өсіммен 751 млрд теңге көлемінде жоспарланған. Бұл жайында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

«Облысымыздың ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау көлемі жылдан-жылға ұлғаюда. Мұның айқын көрінісі – Шин-Лайн компаниясының экспорттау шеңберін кеңейте отырып, балмұздақ өнімдерін Сауд Арабиясы, Ресей, Қытай, Орталық Азия елдеріне шығаруы, «Fruit Art» компаниясының сублимациялық өнімдері, «LST AGRO» жылыжайындағы томат өнімдерінің 90%-ы Ресейдің «Пятерочка», «Магнит» секілді ірі сауда желілеріне тікелей жеткізілуі. Осындай компаниялардың қарқынды жұмыстарының нәтижесінде ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға артып, 345 млн АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау аясында 13 сүт-тауар фермасын құруға республикалық бюджеттен 15 млрд теңге бөлінді», – деді өңір басшысы.

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді ұлғайту мақсатында, «Pepsi Co» компаниясымен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде Нарынқолда өсірілген картоптан «Lays» өнімдері шығарылатын болады. Облыс ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидия көлемі бойынша 8-орында болғанымен, өнім көлемі бойынша тұрақты түрде республикада 5-орында.

Мемлекеттік қолдаудың 1 теңгесіне бүгінге 17 теңгеге өнім шығарылуда, бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада алдыңғы қатарда.

Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы су ресурстарының қолжетімділігі мен тиімді пайдалануына тікелей байланысты.

Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – 9 мың шақырым ирригация желілерінің тозуы 60%-ға жетіп, су шығыны 50%-ды құрап отыр. Туындаған мәселелерді шешу мақсатында алдағы жылдары облыстың суару желілеріне Ислам Даму Банкі арқылы 255 млрд теңге қаражат қарастырылып отыр. Нәтижесінде Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарында суару желілері жаңғыртылып, 111 мың га жер айналымға қосылады. Су үнемдеу технологияларын қолдануды ынталандыру мақсатында облыстық бюджеттен жыл сайын 1,5 млрд теңге көлемінде субсидия бөлініп, 3 жыл ішінде осы технологияны қолданатын жер көлемі 20 мың гектардан 65 мың гектарға жетті.

«Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған жерлерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда. 2022-2025 жылдар аралығында 518 мың га пайдаланылмайтын жер мемлекет меншігіне қайтарылып, оның 331 мың гектары қайтадан айналымға енгізілді. Жеке қосалқы шаруашылықтар мен кооперативтерді дамытуға, ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке тартуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша бүгінде 11 млрд теңгеге 1 373 шағын несие берілді», — деді спикер.

Ауыл халқының орташа табысы соңғы үш жылда 1,7 есеге артып, бүгінгі таңда 336 мың теңгеге дейін жеткізілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026856 Views

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026547 Views

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026951 Views
Соңғы жаңалықтар

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026

Тұңғышбай Жаманқұлов бұрын-соңды ел естімеген шындықты айтты

06.05.2026

Алматы әуежайына шұғыл қонған швейцариялық Swiss ұшақтың құпиясы ашылды

06.05.2026

20 млн тонна: Қазақстан әлемдік мыс қоры бойынша 12-орынға шықты

06.05.2026

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

06.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.